Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Суббота, 12 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Әкімшілік айыппұл төлеуге тиіс «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы Жоғарғы сотқа аппеляциялық шағым түсірмек
Наргиза Ерес sarapshy.info 14/01/2025

Әкімшілік айыппұл төлеуге тиіс «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы Жоғарғы сотқа аппеляциялық шағым түсірмек

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ақтаудағы «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы экологиялық заңбұзушылықтар бойынша салынған 32 млрд теңге айыппұлға қатысты Жоғарғы сотқа шағым түсіреді. Бұл туралы компания ресми  мәлімдеме жасады.

«Бүгінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі мен 6-бөлігі бойынша 31 млрд теңге көлеміндегі әкімшілік (экологиялық) айыппұлға қатысты Маңғыстау облысы Қарақия аудандық сотының 2024 жылдың 4 желтоқсандағы қаулысын қайта қарау және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ұсынысын енгізу туралы өтінішхат әзірлеуде», — деп мәлімдеді компания.

Сондай-ақ хабарламада «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік заңнамасын мүлтіксіз сақтайтын әлеуметтік жауапты кәсіпорын деп көрсеткен.

Неге айыппұл салынды?

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысының прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының қызметіне тексеру жүргізіп, экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. Тексеру нәтижесінде компанияға жалпы сомасы 32,2 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды.

Заңбұзушылықтар ағынды суды заңсыз пайдалану, бұрғылау қалдықтарының дұрыс жиналмауы және қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуы себептері бойынша анықталды. Мұнай жылыту пештерінен ауаға ластаушы заттар шығарылғаны анықталды, сол себепті бұл компанияға қосымша 1,2 миллиард теңге айыппұл тағайындалды.

Алайда компания 1,2 миллиард теңге көлемінде айыппұл өндіру туралы қаулысына апелляциялық шағым түсіргенін хабарлады. Сот шешімімен келіспейтінін және айыппұл мөлшерінің негізсіз жоғары екенін алға тартты.

 Бұл қандай компания?

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Компанияның өндірістік нысандары Қаламқас және Жетібай кен орындарында орналасқан. Қытайдың CNPC мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына қарасты «Маңғыстаумұнайгаз» 2024 жылы акционерлеріне жалпы сомасы 34,6 млрд теңге дивиденд төледі.

2024 жылы желтоқсан айының басында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып Вэнь Цзяцзюнь тағайындалды. 

 

 

Cурет: mmg.isd.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ айыппұл Вэнь Цзяцзюнь Жоғарғы сот Қаламқас және Жетібай кен орындары Ұлттық компания
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

12/07/2025
sarapshy.info

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

11/07/2025
жаңалық

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025

Жаңа мақалалар

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

Қаржы 12/07/2025

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

жаңалық 12/07/2025

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

sarapshy.info 11/07/2025

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

Әлем жаңалықтары 11/07/2025

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

жаңалық 10/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

12/07/2025

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

12/07/2025

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

11/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.