Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Үкімет утиль алым көлемі туралы шешімді кешіктіруде
Нұрлыбек Рахманов Шолу 04/05/2022

Үкімет утиль алым көлемі туралы шешімді кешіктіруде

басты сурет autonews.ru сайтынан
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда Пар­ла­мент Мә­жі­лісінің отыры­сында Үкі­метке утиль алы­мның мөлшерін қайта қа­рауды тапсырды.

Бастапқыда жұмыс тобы құрылып, талдаулар жасалғандай болып еді. Оған да төрт айға жуық уақыт өтті. Қоғам арасында утиль алымының көлемі қаншаға азаятыны жайлы қызу талқыланды. Халықта утиль алым 5-6 есе азаяды деген үміт болды. Бірақ 23 ақпан күні  бірінші вице-премьер Роман Скляр көлемі 1 наурыздан бастап 50 пайызға азаятынын мәлімдеді.

Осы жаңалықты тыңдаған Орал қаласының тұрғыны Талап Жүсіпқалиев Ресейден жаңа автокөлік алып келеді (суретте).

Оралдық Талап Жүсіпқалиев тіркей алмай жүрген көлігімен

-1 наурыздан кейін жаңа көліктің құжатын рәсімдейтініме сенімді болдым. Бірақ индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Марат Қарабаев 1 мамырға дейін нормативтік құжаттардағы өзгерістерді енгізетінін айтып, Скляр айтқан мерзімді тағы бір айға созды. «Бірақ біз сәуір айының аяғына дейін заңнама өзгертеміз» деді. Ресейден көлік алған себебіміз, Үкімет мүшелері айтқандай утиль алым 50 пайызға кемігенде LADA GRANTA көлігі Ресейде Қазақстаннан 1,5 млн теңгеге арзан. Наурыздан бері заңнамадағы өзгерістерді күтіп жаңа көлікті рәсімдей алмай отырмыз. Аталған көлікті рәсімдеу үшін қазіргі уақытта утиль алым көлемі – 1 072 000 теңге. Уәде етілгендей 50 пайыз азайса, бұл сомма зейнеткер адам үшін қомақты қаржы. Өкінішке орай, мамыр айы басталса да Үкіметтен нақты шешім жоқ, — дейді оралдық зейнеткер Талап Жүсіпқалиев.

Қостанайда құралған LADA GRANTA ақпан айында 5,3 млн теңге болса, қазір 6,3 млн теңгеден басталады. Бұл – шынайы нарықтық баға. Ал ресми статистика былтырғы бағадан да арзандатып көрсетуде. Мәселен, Koleso.kz порталы 30 сәуірдегі жариялаған шолу мақаласында LADA GRANTA қаңтар айында 3,7 млн теңге болды, қазір 1 млн-ға қымбаттап 4,7 млн.теңге тұрады деп жазады.

Иә, біздің елде утиль алыммен бірге көліктің өзі де біраз қымбат. Ақпан айында LADA GRANTA көлігі  Ресейде Қазақстаннан гөрі 25%-ға арзан болған. Талап Жүсіпқалиевтің көлікті Ресейден алған себебі де сол. Зейнеткер адам үшін көлік бағасының 25%-ы, утиль алымның 50%-ы – өте көлемді қаражат. Енді көп жыл жиған-терген ақшасына алған көлік құжатсыз ауласында шаң басып тұр. Утиль алым төленбей көлік тіркелмейді. Оралдық зейнеткер сияқты біраз адам Үкімет мүшелерінің сөзіне сеніп, бар жинағын көлік алуға жұмсады. Енді көліктерінің құжатын рәсімдей алмай, уәде етілген өзгерісті күтуде. Утиль алым көлемін шұғыл шешуді Президент Тоқаевтың өзі тапсырса да, мәселе шешілмей, сиырқұйымшақтанып барады…

Нұрлыбек Рахманов,

басты сурет autonews.ru сайтынан

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
автонарық көлік бағасы отандық көлік роман скляр утиль алым утильсбор экономика
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің қозғалысын толық шектеді

04/03/2026
Шолу

Ирикла су қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі артып келеді

17/02/2026
Шолу

Психолог, коучтарға бірыңғай стандарт бекітіледі. 14 ақпаннан бастап жаңа заң күшіне енді

14/02/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.