Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Үкімет Алатау қаласы құрылысын қаржыландырмайды
Наргиза Ерес sarapshy.info 22/01/2025

Үкімет Алатау қаласы құрылысын қаржыландырмайды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алматы іргесінде бой көтеретін Алатау қаласын дамытуға республикалық бюджеттен қаражат бөлінбейді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Alatau City инфрақұрылымын дамытуға 2025 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге қатысты депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді. 

2024 жылы Алматы облысының бюджетінен 183,6 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылы аталған бюджет 203,6 млрд теңге көлемінде бекітілді. Өңірдің өз кірісінің атқарылуы 2024 жылы 520,3 млрд теңге болды, бұл болжамды 38,4 млрд теңгеге немесе 108%-ға артты (Ұлттық экономика министрлігінің болжамы – 481,9 млрд теңге).

2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетте Алматы облысы әкімдігіне 2025 жылы жалпы 79,2 млрд теңге бөлу көзделген. Оның ішінде Алатау қаласында сумен және газбен жабдықтау жүйелерінің құрылысына бағытталған 2 жобаны жүзеге асыру үшін 560,3 млн теңге қарастырылған.

«Сонымен қатар жаңа Бюджет кодексі шеңберінде ең төменгі стандарттар ұғымы енгізілгенін, әлеуметтік, инженерлік-коммуникациялық, көліктік және өзге де инфрақұрылымның ең төменгі стандарттарын (желілерін) ескере отырып, бюджет шығыстарын жоспарлау үшін заңнамалық негіз қаланғанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты алдағы уақытта республикалық деңгейде тек аса маңызды және жалпыұлттық маңызы бар жобаларды қаржыландыру жоспарланып отыр, ал барлық базалық инфрақұрылым жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады (нысаналы трансферттер ЖАО дербестігін арттыра отырып, ЖБ шығыстарына берілетін болады)», — делінген сауалда.

Осыған дейін вице-премьер Қанат Бозымбаев Алматы облысында салынатын Алатау қаласына Қытай даму институты көмектесетінін айтқан еді. Ол  Қытай даму институтының вице-президенті Цзянь Цюй кездесіп, аталмыш қаланың салынуына Қытай даму институтының (China Development Institute) қызығушылығы барын ескертіп, көмектесетінін айтты. Институттың осыған дейін 10 елде АЭА құру бойынша тәжірибесі бар.

Жобаны іске асырушылардың пікірінше, қала республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тасжолының бойында орналасады. Жалпы аумағы 88 мың гектар болатын аймақта қазіргі таңда 53 мың тұрғын, 12 елдімекен бар. Жоба бойынша Алатау қаласына Жетіген ауылы, Талғар ауданындағы Дәулет және Қайрат ауылдары; Іле ауданындағы Жетіген, Еңбек, Жаңаарна, Құйған, Жаңадәуір, Жаңаталап, Ынтымақ, Қоянқұс елдімекендері мен Қонаев әкімшілігіне қарасты Заречное және Арна ауылдары кіреді.

Cурет: primeminister.kz

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Алатау қаласы Бюджет кодексі Қытай даму институты Республикалық бюджет Ұлттық экономика министрлігі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.