Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Алматы облысында салынатын Алатау қаласына Қытай даму институты көмектесетінін айтты
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 05/11/2024

Алматы облысында салынатын Алатау қаласына Қытай даму институты көмектесетінін айтты

Сурет: bes.media
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алатау қаласы 2024 жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылды. Осы уақытқа дейін Алматы іргесінде бой көтеретін Alatau City жобасын іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілді.

5 қарашада вице-премьер Қанат Бозымбаев пен Қытай даму институтының вице-президенті Цзянь Цюй кездесіп, аталмыш қаланың салынуына Қытай даму институтының (China Development Institute) қызығушылығы барын ескертіп, көмектесетінін айтты. Институттың осыған дейін 10 елде АЭА құру бойынша тәжірибесі бар.

Сурет: Үкімет

«Біз білімімізбен бөлісуге және нақты мәселелер бойынша қажетті ұсыныстар беруге дайынбыз», — деді Цзянь Цюй кездесу барысында.

Еске сала кетейік, қаланың кешенді жоспарын Сингапур елінің Surbana Jurong компаниясы әзірлеген болатын. Қаланы салудағы негізгі мақсат та – Сингапур стиліндегі қаланы тұрғызу. 

«Біз Сингапур стиліндегі мүлдем жаңа әрі интеграцияланған мегаполис салуға ниеттіміз. Ол әлемдік стандарттарға сай келетін жетекші халықаралық іскерлік хабқа айнала алады» — деген еді мамыр айындағы кездесу кезінде Мемлекет басшысы.

Қаланың бас жоспары осы жылдың мамыр айында бекітіліп, қазір жобалау кеңсесі өз жұмысын белсенді жүргізіп жатыр.

Қаланың бас жоспарында кезінде Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласының шекаралары өзгертілген еді. Сондай-ақ Президент G4 City арнайы экономикалық аймағының аумағын 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін ұлғайтып, оның атауын Alatau арнайы экономикалық аймағы деп өзгерту туралы шешімді шығарды.

Қаланың бас жоспары көрсетілген құжатта Алатау қаласы Алматы қаласын «Қорғас» халықаралық шекарамаңы ынтымақтастығы орталығымен (Қытай) байланыстыратын маңызды дәліз болатын А3 (Алматы – Қонаев) автомагистралі бойында орналасқан және «Жаңа Жібек жолы» бастамасының стратегиялық артықшылықтарын пайдаланады деп жазылған.

Сурет: bes.media

Болашақ Алатау қаласының көрінісі

Жобаны іске асырушылардың пікірінше, қала республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тасжолының бойында орналасады. Жалпы аумағы 88 мың гектар болатын аймақта қазіргі таңда 53 мың тұрғын, 12 елдімекен бар. Жоба бойынша Алатау қаласына Жетіген ауылы, Талғар ауданындағы Дәулет және Қайрат ауылдары; Іле ауданындағы Жетіген, Еңбек, Жаңаарна, Құйған, Жаңадәуір, Жаңаталап, Ынтымақ, Қоянқұс елдімекендері мен Қонаев әкімшілігіне қарасты Заречное және Арна ауылдары кіреді.

Алматының солтүстігінде 60 км жерде орналасатын қала 4 бөліктен тұрады деп жоспарланған:

«Gate District» – ірі іскерлік орталық және халықаралық алмасу және сауда орталығы;

«Golden District» – дамудың озық әдістерін қамтитын білім және медицина орталығы;

«Growing District» – Қытай мен Ресей арасындағы ғылыми-өндірістік орталық және түйінді көлік торабы;

«Green District» – казино-орталықты, экологиялық аймақтар мен белсенді демалысты біріктіретін қала.

Қазіргі дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Alatau City жобасына 40-қа жуық инвестор қызығып отырғаны айтылды.

Сурет: bes.media

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Alatau City жобасы Алатау қаласы Алматы облысы Қытай даму институты
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.