Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Дүйсенбі, 19 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Киік тағдыры не болмақ?
Нұрлыбек Рахманов sarapshy.info 05/02/2024

Киік тағдыры не болмақ?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

 Күйек уақытында киіктерді қыру дұрыс емес. «Қоғам және экология» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бибігүл Сәрсенова дәл осылай деп дабыл қағады. Экологтың есептеуінше, киіктер қараша айының ортасынан бастап ақпан айының басына дейін «ұрпақ өрбіту қамымен» жүреді. Сол себепті бірлестік жетекшісі киік популяциясын шектеу шарасының дәл осы кезеңге сәйкес келгеніне наразы. Бибігүл Сәрсенова 2021-2019 жылдары Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың киіктерді зерттеуге арналған тәлімбақта ғылыми қызметкер болған. Ақбөкендер әлемін зерттеген маман.

– Киіктер тамыз, қыркүйек, қазан айларында қоң жинайды. Текелері күйекке дайындалады. Оның біреуіне 50-ден 200-ге дейін аналық келуі мүмкін. Сондықтан олар қатты әлсірейді, тіпті өліп кетуі мүмкін. Себебі күйек кезінде текелері мүлдем азық жемейді. Мүлдем мүшкіл халінен кейін оларды атып тастау бассыздық қой. Осыны ұйымдастырған мекемелер жауапкершілікті БҚАТУ ғалымдарына ысырады. Мен жиі айтып жүрмін. Қазіргі уақытта бұл университетте киіктерді зерттеген бұрынғы мамандар жоқ. Дәл осы кезде киіктерді ату үшін ведомстволар қандай тұжырымға сүйенеді? Негізі, құралай маусымы мамыр айында аяқталады ғой. Тәлімбақта қызмет еткен кезімде 6 маусым күні киіктің төлдегеніне куә болып, сол туралы жазбаны журналыма түртіп алғанмын. Құрсақтағы эмбрион бес ай дамиды. Яки киіктер ақпан айының басында да буаз болады деген сөз. Зерттеу жұмыстары кезінде барлық мәліметті тәптіштеп жазып алғанбыз. Қазіргі кезде киіктерді қыру дұрыс емес! Мен мұны ғылыми зерттеу кезіндегі жазбалар негізінде дәлелдей аламын, – дейді Бибігүл Сәрсенова.

Бибігүл Сәрсенова

Эколог киіктерді жаппай атуға қарсы. Мамонт кезеңінен келе жатқан жануарлар өзінің ежелгі мекенінде жайылып жүр деп есептейді. Табиғат аясында өмір сүруге әбден төселген ақбөкендер 100-ден астам өсімдік түрін қорек қылады. Малмен бірген кең далада емін-еркін жүреді. Бибігүл Балғабайқызы киіктердің кесірінен төрт түлік қырылып жатқаны туралы да нақты дерек жоқ деп санайды. Сайғақтар сайын далада өздері қалаған шөптесінді талғажау қылады. Сондықтан алдағы уақытта киіктер азық таба алмай, жаппай қырылады деуге негіз жоқ.

– Әділін айтсақ, киіктер адамдардың жеріне келген жоқ, адамдар киіктердің жеріне келген. Жәнібек пен Казталов аудандарының Ақоба, Борсы, Ақадыр, Қараоба ауылдарының маңында жыл сайын төлдейді. Олардың тарихи мекендері – сол жерлер. Қанша қусаң да, олар осы жерлерге оралады. Шаруа қожалықтарының амалдай тұруына болады деген ойдамын. Әрине, мал санын азайту мүмкін емес. Қожалықтар өздеріне қарасты аумақты қоршап қойсын, не болмаса төрт түлкіпен бірге өрісте болуын үйреншікті жағдай деп қабылдасын. Ғалым, жиһанкез Палласты (1741-1811) білесіздер. Ол өзінің бір еңбегінде «Қазақ даласында жүрген киіктердің ұшы-қиыры көрінбейді» деп сипаттайды. Ата-бабаларымыз мыңғыртып мал бақты. Ол кезде де ақбөкендер жапан далада жөңкіліп жүрді. Ешкімге кедергі келтірген жоқ. Сондықтан адамзат саналы түрде шешім қабылдау керек. Тіпті киікті аулауға рұқсат бергеннің өзінде тап осылай беталды атпау керек. Заң аясында реттеп, мемлекет қатаң түрде қадағаламаса, сайғақтарды жаппай қырып аламыз, – деді эколог.

Ал Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Ветеринария және биотехнология» ҒЗО-ның директоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ғайса Абсатиров киіктер малмен бірге жайылғасын, ортақ аурулары болуы мүмкін деп есептейді. Ғалымның  мәліметі бойынша Орал популяциясы 2,5 миллионға жеткен. Өліп жатқан киіктердің қаңқаларында қауіпті ауру қоздырғыштары сақталуы кәдік. Содан кесірлі кеселдер – сібір жарасы, аусыл, паразиттік аурулар – тейлериоз, эхинококкоз, бактериялық инфекция – листериоз ауыл шаруашылығы жануарларына, тіпті адамдарға да жұғуы мүмкін. Сібір жарасы мен кластреди бактериясы топырақта бірнеше жыл сақталады. Киік өлекселерімен қоректенетін бұралқы иттер де ауру таратады. Ғалым бұған дейін жұқпалы ауру салдарынан ақбөкендер бірнеше мәрте қырылғанын да айтты. 2010-2011 жылдары пастереллезден 12 мыңға жуық киік өлді.

Ғайса Абсатиров

– Кеңестік кезеңде Қазақстанда әрі кетсе 1 миллион 100 мың ғана киік болды. Ал қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында 2,5 миллионнан асты. Бұл – өте көп. Орал киік популяциясын шектеу керек. Облыс аумағында 400-500 мың киік жүрсе, жеткілікті. Бір киік тәулігіне 5-6 келі шөп жейді, 4-5 литр су ішеді. Ол үшін жайылым да, су көзі де керек. Бөкей ордасы, Ақжайық, Қазталов, Жаңақала, Жәнібек аудандарының фермерлеріне залалын тигізуде. Жайылым мен шабындықтарын таптап, егін алқаптарына түсіп кетіп жатыр. Осылай жалғаса берсе, табиғи ресурстарға тапшылық күшейеді, – деді ғалым. Дегенмен Ғайса Ғарапұлы бірқатар сыни ой-пікірін де ортаға салды. Профессор күйіктен шыққан текелер мен буаз киіктерді ату дұрыс емес екенін құптайды. Оған қоса ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы өз міндетін тиісті деңгейде атқармай отырғанын сынады.

– Ветеринарлар облыс аумағындағы жүрген үй және дала жануарларын бөле-жара қарамауы керек. Аумақтық инспекция қызметкерлері жабайы фаунаны, оның ішінде сайғақтарды бақылау Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құзырында екенін айтып, жауапкершіліктен жалтарып отыр. Маған кейде тұрғындар клиникалық белгілері бар киіктердің фотосуреттерін, бейнежазбаларын жолдайды. Табынға ілесе алмай қалған ауру ақбөкендерді оқшаулап не өлекселері қалған жерге барып, эпизоотологиялық зерттеу жүргізу керек. Ағзаларынан сынама алып, зертханаға жолдап, қандай аурудан өліп жатқандарын зерттеу қажет. Облыстық аумақтық инспекция киіктерге көңіл бөлмей отыр, қорыта айтсақ, ветеринариялық-снитариялық қауіпсіздікті сақтау шараларын жүргізуге құлықсыз, – дейді Ғайса Ғарапұлы.

Ғалым киік етін, терісін, мүйізін өңдеу ісін жолға қою керектігін айтты. Киік мүйізіне Орта Азия елдерінде, әсіресе, Қытайда сұраныс бар. мүйізден жасалған дәрі бас ауруына және ағзадағы қабынуды басуға ем болады екен. «Кеңес одағы кезінде «Сайтарин» деген тұнба жасалды. Қазақстанда да осы тәжірибені қолға алуға болатын еді. Мен құқық қорғау органдарының броконьерлерден тәркілеп алған киік мүйіздеріне сараптама жасап жүрдім. Қолымнан 1 мыңға жуық мүйіз өтті. Бірақ сараптамадан кейін барлығын жинап алып кететін. Егер «Ғылым жолына пайдаланыңдар» деп бірқатарын тәртіп бойынша бізге қалдырып кетсе, зертханада тұнба не сығынды (экстракт) дайындауға болатын еді. Тұнба әсері бойынша жануарларға эксперимент жасап, кезең-кезеңімен сынақтан өткізер едік. Елімізде осы іске қабілетті мамандар бар. Мемлекет ден қойса, жағдай жасауға да қауқарлы», – дейді Ғайса Абсатиров.

«Қоғам және экология» бірлестігінің төрағасы Бибігүл Сәрсенова киікті әлемде сирек кездесетін бірегей жануар деп санайды. Экологтың айтуынша, ақбөкендер жазық даланы мекендейді. Киіктерге үркектік, сақтық, күйзеліс тән. Осы қасиеттер ежелгі заманнан бері қауіп-қатерден, жыртқыштардан аман қалуына себепкер болуда. Қазіргі уақытта киіктер бойындағы күйзеліс өте жоғары деңгейде. Оған антропогендік факторлар әсер етуде. Жиі күйзелген тірі ағза түбінде морфологиялық, физиологиялық және этологиялық өзгерістерге ұшырайды.

«Киік – ірі сүтқоректілердің бірі. Кейінгі кезде Қазақстанда киіктер көбейді. Әсіресе, Орал популяциясы. Адам мен жануар арасында текетірес күшейіп келеді. Қоғамда сан алуан пікір айтылып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарында, баспасөз беттерінде орнықты шешім ұсынғандар да, үстірт, асығыс тұжырым жасап жүргендер де ой бөлісуде. Олардың санын азайтып, 500-600 мың шамасында қалдыру керек деген пікір де бар. Бірақ киіктердің басқа да факторлардың салдарынан тез қырылып қалуы мүмкін екенін ұмытпайық. Сайғақтар саны бұған дейін табиғи жолмен азайып, реттеліп отырғанын ескеруіміз керек. Кейінгі бес-он жылда тез көбейіп шыға келді. Осылай күрт кеміп те кетуі ғажап  емес. Байқасаңыз, популяциядағы өзгеріс өте құбылмалы. Қайталап айтайын, қазіргі кезде киік аулаудың нақты әдістемесі, заңдылықтары сақталмай отыр. Аңшылар атқан киік ұшалары ет комбинаттарына уақтылы жеткізілмей, далада шіріп жатқаны туралы да деректер таралуда. Стандарт бойынша киік етін өңдеу, кәдеге жарату қашан жүйеленеді? Киік – өте ерекше жаратылыс. Әрқайсының өзіндік мінез-құлқы болады. Тіпті бір-біріне деген көзқарасы, іс-қимылы әртүрлі. Тәлімбақта бақылаған кезде осы қасиетіне айқын көз жеткіздік. Олар адамға азық бергенде ғана жақындайды. Генетикалық тұрғыда адамдарға бейімделу қабілеті төмен. Өте үркек. Сондықтан антропогендік қысым киіктер табиғатының генетикалық өзгеріске ұшырауына себепкер болуы мүмкін. Ақбөкендерді жаппай қырып алып, халықаралық қауымдастық алдында ұятқа қалмауымыз керек. Алдағы уақытта киік дериваттарын экспорттауға рұқсат беруі мүмкін. Заң талаптарын қатайту керек. Қазақстанда коммерциялық бағытта арнайы тәлімбақтар ашу қажет. Шетелдік инвесторларға тәлімбақтарда бағылатын, қатаң түрде есепке алынып, чиптелген киіктерді ғана сату керек»,  – дейді киіктер тағдырына алаңдаған эколог.

 Нұртай ТЕКЕБАЙ

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Киік киік мәселесі Киік өндірісі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
Біздің сараптама

Орал тұрғындары көлікті әлі де ауыз сумен жуады: қала техникалық су мәселесін қалай шеше алады?

13/04/2025
Өте өзекті

Депутат Үкіметтің киік популяциясын реттеу мәселесіне немқұрайлы қарап отырғанын сынады

26/03/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.