Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Келер жылы инфляция төмендей ме? – Ұлттық банк болжам жасады
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 30/10/2024

Келер жылы инфляция төмендей ме? – Ұлттық банк болжам жасады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2025 жылғы инфляция динамикасына қатысты түсінік берді.

«Инфляция динамикасы Ұлттық банктің болжамына сәйкес келеді. Жалпы инфляцияның төмендеуі – ұстамды қатаң ақша-кредит саясатына және Үкіметтің инфляцияға қарсы шараларына байланысты. Осы орайда Ұлттық банк биыл жыл басынан бері базалық мөлшерлемені төрт рет төмендетті. Осылайша базалық мөлшерлеме 15,75%-тен 14,25%-ке дейін төмендеді», – деді Тимур Сүлейменов Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ Тимур Сүлейменов инфляцияға қатысты болжам жасағанда сын-қатер қатар жүретінін де ескеру керек екенін айтты.

«Біздің болжам бойынша 2025 жылы инфляция 5,5-7,5% дәлізінде қалыптасады. 2026 жылы таргетке жақындап, 5%-тен 7%-ке дейінгі аралықта қалыптасады», – деді ол.

Айтып өтелік, өткен айда елде инфляция деңгейі 8,3% болды.

Қыркүйекте тұтыну бағаларының айлық индексі баяулап, 0,4%-ды құрады. Тамыз айында 0,6% болған еді. Ақылы қызметтердің бағасы 1%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,6% өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының индексі өзгеріссіз қалды.

Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Қызылорда облысында – 1% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгіcі – Павлодар, Маңғыстау және Жамбыл облысында болды.

Жалпы Қазақстанда жылдық инфляцияның үш ай қатарынан төмендегені байқалады. Шілдеде жылдық инфляция 8,6%-ды құраса, тамыздағы көрсеткіш – 8,4%-ды, қыркүйекте – 8,3%-ға дейін баяулады.

Сурет: Ұлттық банк

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Инфляция динамикасы ҚР Республикалық бюджет Ұлттық Банк Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.