Украин дрондарының Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылын қолдаған қазақстандықтардың әлеуметтік желідегі жазбалары тексерілуі мүмкін. Бұл туралы мәжіліс депутаты Айдос Сарымның сауалынан белгілі болды.
Әлеуметтік желілерде стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысанына жасалған соққыны ашық қолдайтын әрі пікірлер пайда болған. Депутат аталған әрекеттерді ұлттық мүддеге тікелей нұқсан келтіреді деп бағалады.
Айта кетейік, 29 қарашада Каспий құбыр желісі консорциумында катерлер шабуылынан кейін мұнай тиеу тоқтатылды. Бұның салдарынан желтоқсанның алғашқы екі күнінде Қазақстанның мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 6%-ға азайды.
Қазақстан Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдың салдарынан 480 мың тонна мұнай жоғалтқан.
фото: istockphoto.com

