Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»ҰҚК шекара қызметі етікші, пеш жағушы, жылқышы болып еңбек ететін кәсіп иелерінің жалақысын көбейтпек
Наргиза Ерес sarapshy.info 27/11/2024

ҰҚК шекара қызметі етікші, пеш жағушы, жылқышы болып еңбек ететін кәсіп иелерінің жалақысын көбейтпек

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметінің мамандары мен азаматтық қызметшілерге үстеме ақы төлеуді қарастырып жатыр. Бұл туралы «Ашық НҚА» сайтында бұйрық жобасы жарияланды.

Қазіргі кезде шекара құрылымында қызмет ететін көп маманның жалақысы 85-100 мың теңге шамасында, яғни  басқа мекемелер төлейтін еңбекақымен салыстырғанда әлдеқайда аз. Осы себепті «ерекше еңбек жағдайында» жұмыс істейтіндерді ынталандыру үшін және білікті мамандарды жұмысқа тарту үшін қосымша төлемдер қолданысқа енгізеді..

Қосымша төлемдер қарастырылған лауазымдар:

«Қонақ үй басшысы» — бүгінде шекара аумағындағы қонақүйлер мен жатақханаларды басқаратындардың жалақысы 90-100 мың теңге. Қосымша ақы білікті әрі тәжірибелі мамандарды іріктеп алуға мүмкіндік береді.

«Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы» — шекара қызметінің оқу-жаттығу кавалериялық бөлімшелеріне тиесілі жылқыларды баптайды. Қазіргі жалақысы – 85-95 мың теңге.

«Пеш жағушыға» да кәсіби еңбек дағдысы қажет. Себебі 30 шекара бөлімшесі қатты отынмен жылытылатын пештермен жабдықталған ғимараттарда орналасқан. Ауыр еңбек жағдайында жұмыс істесе де, олардың жалақы мөлшері – 85-95 мың теңге арылығында болып отыр.

«Етікші» болуға аяқ киімді уақтылы жөндеу үшін кәнігі шеберлер қажет. Қазіргі жалақы – 85-95 мың теңге шамасында.

Тізімде жалпы 130 мамандық иесі көрсетілген.

«Әр маман иесі шекара қызметінің үздіксіз жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Әрқайсысы тиісті кәсіби біліктілікке ие мамандарды талап етеді», — делінген ҰҚК құжатында.

 Сурет: root

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Ауыр еңбек Ашық НҚА Жалақы қонақүйлер теңге Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.