Қанат Шарлапаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл шешім «Атамекен» ҰКП президиумының отырысында қабылданған.
Шарлапаев бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы қызметін атқарған.
Айта кетейік, 2022 жылдан бері «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын Райымбек Баталов басқарып келді.
фото: primeminister.kz
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

