2 қыркүйек күні Жомарт Ертаевқа рақымшылық жасалып, бостандыққа шықты. Одан кейін депутат Абзал Құспан бұл шешімнің заңсыз екенін мәлімдеді.
1 қазан күні А. Құспан Ертаевқа қатысты сот қаулысы бұзылғаны туралы жазды. Экс-банкир түзету мекемесіне оралды.
2020 жылы Bank RBK-дан 114 млрд теңгені жымқырғаны үшін Ертаев сотталды. Бұл іс бойынша 36 адам сотқа тартылды.
2011-2017 жылдары экс-банкир сыбайластарымен ірі көлемдегі қаражатты жымқырған.
2021 жылы Bank RBK, Еуразия банкі және Qazaq Bank-тен жалған несие рәсімдеген үшін сот үкімі Ертаевқа тоғыз жыл түрме жазасын кесті. Атышулы іс бойынша оның төрт сыбайласы сотталды.
фото: ЖИ-генератор
Автор
-
Барлығын қарауНұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

