Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Ирандағы аймақтық қақтығыс жаһандық дағдарысқа айналуы мүмкін бе?
Дария Ғұмар жаңалық 02/03/2026

Ирандағы аймақтық қақтығыс жаһандық дағдарысқа айналуы мүмкін бе?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасы Тегеранға шабуылдады. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық бағдарламасын толық жоюды жоспарлағанын мәлімдеп, Иран әскерін қаруын тастауға шақырды.

Иран тарапы жауап ретінде қарымта шабуыл жасап, Израиль аумағын, АҚШ-тың Палестинадағы базаларын және Таяу Шығыстағы елдерін зымыранмен соққылады.

АҚШ Қарулы күштері Иран шабуылының америкалық базаларға «айтарлықтай зиян келтірмегенін» хабарласа да, 1 наурызда соққы салдарынан үш әскери қызметкердің қаза тапқаны, тағы бесеуінің жараланғаны белгілі болды.

Әлемдік энергетикаға соққы

Иран билігі мұнай мен газ тасымалы үшін стратегиялық маңызы зор Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысын тоқтатты. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусының генерал-майоры Эбрахим Джабари мәлімдеді.

Парсы шығанағы арқылы әлемдік мұнайдың шамамен 20%-ы тасымалданады. 

Reuters агенттігінің дерегіне сәйкес, қақтығыс салдарынан әлемнің энергетика нарығы соңғы онжылдықтағы ең ірі күйзеліске тап болуы мүмкін.

Нарықта Brent маркалы эталондық мұнай бағасы күрт өседі деген болжам бар. Соңғы апталарда баға барреліне шамамен 70 долларға дейін көтеріліп, 2025 жылдың тамызынан бергі ең жоғары деңгейге жеткен.

Лондондағы ICE Futures Europe биржасындағы сауда қорытындысына сәйкес, Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 13,04%-ға қымбаттаған. 

Келіссөз мәселесі

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жаңа билігі келіссөз жүргізуге ниет білдіргенін хабарлады. Оның сөзінше, Вашингтон да диалог бастауға дайын.

Алайда Иранның Ұлттық қауіпсіздік бойынша жоғары кеңесінің хатшысы Али Лариджани АҚШ-пен ешқандай жағдайда келіссөз жүргізілмейтінін мәлімдеді. 

Қақтығыстың екінші күні Иранның Жоғарғы көсемі аятолла Али Хаменеи өз резиденциясында АҚШ пен Израиль соққысынан қаза тапты.

Қайтыс болған саясаткерлер арасында қорғаныс министрі Азиз Насирзаде мен ИРСҚ қолбасшысы Мохаммад Пакпур бар.

Иранның уақытша билігі

Иран Конституциясының 111-бабына сәйкес, АҚШ-Израиль шабуылынан кейін  елді уақытша басқару үшін жетекші кеңес құрылды. Уақытша билік басшысы болып Алиреза Арафи тағайындалды.

Арафи бұған дейін Жоғарғы көсемді сайлайтын Сарапшылар кеңесінің мүшесі болған.

Зымыран соққысынан кейін Иранның Минаб қаласындағы қыз балаларға арналған бастауыш мектепте 50-ден астам бала қаза тапты.

Айта кетейік, Израильдің Қорғаныс министрлігі мектептегі жарылыс туралы білмегенін мәлімдеп, жауапкершілік алудан бас тартты.

фото: REUTERS Abbas Zakeri/Mehr News/WANA

Әуе рейстері тоқтатылды

Геосаяси ахуалға байланысты Қазақстанның Air Astana компаниясы Таяу Шығыс бағытындағы рейстерін уақытша тоқтатты.

Қазір Дохада 174, Делиде 231, Дубайда 330 жолаушы қонақ үйлерге орналастырылған. Компания жолаушыларға бір тәулік тегін тұру мүмкіндігін ұсынып отыр, кейін арнайы тарифтер бойынша орналастыру жоспарланған.

Сарапшы пікірі

Саясаттанушы Досым Сәтпаев АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттері тек шектеулі әскери операция емес, саяси режимді өзгерту сценарийіне ұласуы мүмкін екенін айтады.

Оның пікірінше, егер Вашингтон Иран басшылығын жою немесе билікті күшпен ауыстыру тактикасын таңдаса, онда ол Израильмен қоян-қолтық әрекет етеді. Бұл жағдайда басты назар елдің жоғары саяси және әскери элитасын дәлме-дәл зымыран соққылары арқылы жоюға бағытталуы ықтимал.

Сәтпаевтың айтуынша, жоғары лауазымды тұлғалардың, соның ішінде Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының жетекшілерінің қаза табуы қақтығыстың жаңа, анағұрлым қауіпті кезеңге өткенін білдіреді.

Сонымен қатар сарапшы Иранды өзге санкциялық режимдегі мемлекеттермен салыстыру қате екенін атап өтті.

«Иран — Венесуэла емес. Оның саяси жүйесі күрделі, діни-саяси институттары терең тамыр жайған және билік вертикалі ерекше модельге құрылған», — деді ол.

фото: Getty Images

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2026 АҚШ Әскери қақтығыс Израиль Иран Таяу Шығыстағы қақтығыс Тегеран
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
Біздің сараптама

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

12/05/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.