Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 14 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Әлем жаңалықтары»Иран Израиль аумағына 100 баллистикалық зымыран атқылады
Нұртай Текебаев Әлем жаңалықтары 14/06/2025

Иран Израиль аумағына 100 баллистикалық зымыран атқылады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Иран мен Израиль арасындағы жағдай ушықты.

BBC дерегі бойынша 13 маусым күні сағат 3:30-да Израиль Иранның ядролық нысандарын қиратқан. Израильдің қорғаныс армиясының қолбасшысы Эфи Дефрин  ұшқыр 200 ұшақ 100 шақты нысанды жойғанын хабарлады.

Иранның Натанз қаласындағы уран байытатын зауыт жермен-жексен болған. Шығын құны есептелінуде.

Reuters агенттігінің апаратына сай Тегеранда тұратын 78 адам қаза болған, 329 кісі жарақат алды.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы, Бас штабтың бастығы және жетекші ядролық физиктер қаза тапты.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Натанзға жасалған соққыны растады. Агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси Израильдің соққыларынан кейін Иранның ядролық байыту орталығының сыртындағы радиация деңгейінің «өзгеріссіз қалғанын» айтты, деп хабарлайды агенттіктің X парақшасы.

Иран 13 маусым күні кешке Израильге қарымта қайтарды.

«Шынайы уәде – 3» операциясы аясында 100 баллистикалық зымыранды атқылаған. Осының салдарынан Тель-Авивте кем дегенде 20-дан астам тұрғын қаза тапты. Израильдің қорғаныс министрлігінің ғимаратына екі зымыран бағытталған.

Израиль қарулы күштері жалпы зымырандардың тең жартысына тосқауыл қойғанын мәлімдеді.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи мемлекеттік телеарна арқылы «Израиль соғыс өртін тұтатты» деп айыптады.

«Сионистік режим (Израиль) өз қылмысының салдарынан зардабын тартпай қоймайды. Иран халқы біздің  жауабымыздың жартыкеш болмайтынына сенімді болуы керек», – деп мәлімдеді көсем.

Шетелдік ақпарат құралдары Израильге АҚШ көмектескенін жазып жатыр. BBC-ге сарапшылар Иранның әуе қорғаныс жүйесі сыр бергенін айтқан. Өйткені жойғыш ұшақтар Израильден Иран шекарасына дейін 1000 шақырым, одан әрмен Тегеранға дейін 1500 шақырым ұшқан. Иран шабуылға дер кезінде тосқауыл қоя алмады.

фото: MEGHDAD MADADI/TASNIM NEWS/AFP

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
АҚШ Басты ақпарат Израиль Иран соғыс Тегеран
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Экономика

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

06/06/2025
Саясат

Илон Маск Трампқа импечмент жариялауды құптайды

06/06/2025
Әлем жаңалықтары

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Иран Израиль аумағына 100 баллистикалық зымыран атқылады

Әлем жаңалықтары 14/06/2025

Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді

Экология 10/06/2025

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

Сұқбат 06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

Экология 06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

Экономика 06/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Иран Израиль аумағына 100 баллистикалық зымыран атқылады

14/06/2025

Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді

10/06/2025

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

06/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.