Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»ІІМ: «Өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің телефонынан суицидке итермелейтін ойындар табылған жоқ»
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 23/09/2024

ІІМ: «Өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің телефонынан суицидке итермелейтін ойындар табылған жоқ»

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алматыда өз-өзіне қол жұмсаған екі жасөспірімнің телефонынан суицидке итермелейтін ойындар табылмады. Бұл жайында Ішкі істер министрлігінен мәлімдеді.

«Алматыда суицид жасаған екі жасөспірімге қатысты олардың телефондарына тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз. Суицидке итермелейтін ойындарға қатысу фактісі анықталған жоқ. Қазіргі уақытта өшірілген жазбалар мен қосымшаларды қалпына келтіру үшін телефондарға қосымша зерттеу жүргізіліп жатыр», — деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ министрлік ел азаматтарының суицидке бағытталған интернет ойындарға қатысуы да анықталмағандығын алға тартады.

Еске салсақ, Алматыда екі жасөспірім қыз көпқабатты үйден құлап, оқиға орнында көз жұмды. Желіде тараған ақпаратты Алматы қаласы Полиция департаменті растады. Кейін оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда тағы бір жасөспірім қыздың 13 қабаттан құлап қайтыс болғаны айтылды. Бұл деректі де Алматы қалалық полиция департаменті растады.

Бүгін Оқу-ағарту миниcтрлігі осы аптада әр мектепте ұстаздар мен ата-аналар бала қауіпсіздігін талқылайтынын хабарлады.

«23-27 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған ата-аналар жиналысы өтеді. Онда ата-аналардың бала өміріндегі, сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі туралы сөз қозғалады», — деп мәлімдеді министрліктен.

Айтып өтелік, ІІМ мәліметтері бойынша, балалар арасында суицид жасаушылардың орташа жасы 15-17 жасты құрайды, алайда одан да ерте, яғни 11-13 жастағылар арасында да осы жағдай жиі кездеседі.

Сонымен қатар аталған министрліктің дерегіне сүйенсек, балалардың терезеден құлау оқиғалары көбейген. Мұндай факт соңғы үш жылда 1,6 есеге артқан. Мәселен, биыл алты ай ішінде елде 223 бала терезеден құлап, оның 12-сі көз жұмған.

Сурет: pixabay.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Алматыдағы оқиғалар Жасөспірім Ішкі істер министрлігі Суицид
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.