Грузия Қазақстаннан 2004 жылы алған 28 млн доллар көлеміндегі сыртқы қарызын толықтай жапты. Бұл туралы Қазинформ агенттігі хабарлады.
Биыл қыркүйекте Тбилиси Қазақстанды қоса алғанда алты ел алдындағы берешегін 225 млн доллар берешегін өтеп бітті. Бұл ақшаға 1999 жылға дейінгі проблемалы кредиттер және 1999–2004 жылдардағы қарыздар бойынша пайыздар кіреді.
Грузия Ресейден – 4 млн доллар, Түркиядан – 1,1 млн доллар, Әзербайжаннан – 586 мың доллар, Армениядан – 516 мың доллар және Ираннан – 427 мың доллар қарыз алған.
Грузия Қазақстан алдындағы 28 млн доллар қарызын 2017 жылдан бастап өтеп келеді. Соңғы транш қыркүйек айында төленіп, Қазақстан шотына 636 мың доллар түсті.
фото: ЖИ-генератор

