Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 4 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Біздің сараптама»Геосаяси шиеленіс Қазақстанға қалай әсер етеді?
Нұртай Текебаев Біздің сараптама 15/02/2025

Геосаяси шиеленіс Қазақстанға қалай әсер етеді?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

АҚШ президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен-ақ әлемдік нарық және әскери қақтығыс алаңдарындағы жағдайды реттеу үшін батыл қадамдар жасайтынын мәлімдеді. Трамп сайлауалды бағдарламаларында мұнай бағасын түсіруге ықпал ететінін ашық айтты. Мұнайдан пайда тауып отырған елдер үшін бұл жайсыз хабар болып есептелінеді. Қазақстан экономистері де осы секторда АҚШ көздегеніне жететін болса,  елдегі жағдай қиындайтыны анық деп отыр.

Трамп жарлығымен АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттарды шығару басталды. Вашингтон сауда саласында да бағыт-бағдарды өзгертіп жатыр. Еуроодақ елдерінен тасымалданатын металдар импортына 25% салық салуға шешім қабылдады. Трамп тиісті құжатқа да қол қойды. Қысқа уақытта Канада, Бразилия, Мексика басшыларымен қырғи-қабақ болып үлгерген АҚШ президенті кейін ұстанымын жұмсартып, ол елдерге бажсыз импорт квоталарын ұсынды. Ал Еуроодақ сауда соғысында қарымта жауап қайтаратынын мәлімдеді.

АҚШ сырт елдердегі жобаларды қаржыландыруды уақытша тоқттаты. Қазақстандағы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі 7 ақпаннан бастап қызметкерлерін демалысқа жіберді. USAID Қазақстанда денсаулық сақтау, азаматтық қоғам институтын дамыту, адам құқығын қорғау және энергетика салаларына қатысты жобаларды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта қорға қарсы ақпараттық науқандар басталды. Мәжіліс депутаты Магеррамов ұйымды зиянды жобаларға қаржы бөледі деп айыптады.

Euronews-тің жазуынша АҚШ-тың федеральды судьясы Ақ үйге шетелдердегі бағдарламаларды қаржыландыруды қалпына келтіруді міндеттеді. Судья АҚШ-тың өзі халықаралық деңгейде жұмыс істеуіне көмектесіп отырған коммерциялық емес ұйымдар мен басқа да мекемелер зардап шеккенін айтқан.

Ресей-Украина соғысы: күдік пен күмән

Трамп президент болып сайланғанша Ресей мен Украина арасындағы соғысты бір күнде тоқтатам деп уәде берген еді. Бірақ инаугурация салтанатынан кейін соғысты тоқтатуды таяу арада ғана шеше алатынын хабарлады. 12 ақпан күні Трамп Ресей президенті Владимир Путинге телефон шалды.  Екеуі Ресей мен Украина арасындағы жағдайды талқылаған. Одан кейін Трамп Зеленскиймен сөйлесті.

14 ақпан күні Мюнхенде өткен жиында Укарина басшысы АҚШ көмегіне мұқтаж екенін айтқан. Зеленский Ресей басқыншылықты тоқтатуға пейілді емес екенін, Трамппен мәміле кезінде санкцияны алып тастауға мүдделі болып отырғанын, мұның соңы Кремльдің әскери қуатын нығайтатынын ескертті.

Украина президенті Трамптың Путинмен өзара диалогын жақтыра қоймады, Зеленский Киев араласуынсыз ымыраға келу мәселесі шешілмейтінін нақтылады. Оның сөзін одақтастары да құптап отыр. Бұған дейін АҚШ-тың жаңадан тағайындалған қорғаныс министрі Пит Хегсет Украина НАТО-ның құрамына кіре алмайтынын және 2014 жылға дейінгі аумағын қайтара алмайтынын мәлімдеген.

The Moscow Times ақпараты бойынша АҚШ  президентінің әкімшілігі Ресеймен арадағы соғысты тоқтатқан жағдайда Украина жерінде сирек кездесетін металдардың 50%-ын иеленуге рұқсат беруді сұраған. Қымбат келісімге орай АҚШ кен орындарын қорғау үшін өз әскерін енгізеді. Оған қоса Ақ үй бұған дейін Киевке берілетін қару-жарақ құнының өтемін сұрамайтынын хабарлаған. Трамптың кен орындарына қатысты ұсынысын Зеленский қауіпсіздік кепілдігіне көз жеткізбей қабылдамайтынын айтты.

АҚШ – әлемдегі өте ықпалды мемлекет. Трамп қадамын саясаткерлер болжап болмайтын күрт әрекеттерге толы деп санайды. Бизнестен келген АҚШ президенті қай кезде болмасын, Америка мүддесі алда тұратынын, өз үстемдігін жүргізгісі келетінін айтып отыр. «Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде» дегендей, Трамп шешімдерінің Қазақстанға әсері қандай болатыны туралы сарапшылардан сұрадық.

Санкция құрығы қауіпті

Саясаттанушы Дос Көшім АҚШ-тың миграцияға қатысты саясатын қатаңдатуы Қазақстанға ауыртпалық алып келе қоймайды деп санайды. «Елдегі тұрғындар Мексика арқылы немесе басқа жолмен Америкаға ағылып барып жатырған жоқ. Мигрант болып жұмыс істеп жатқан жүздеген адам бар шығар. Оларды депортациялауы мүмкін. Өз басым жіті көңіл бөлетін мәселе деп ойламаймын», — дейді Дос Көшім.

Сарапшы Дональд Трамп мен Илон Маск шүйліккен USAID ұйымы жергілікті атқарушы билік мүддесіне жұмыс істейді деген тұжырыммен келісетінін айтты. «Бір ғана USAID емес, елдегі қорларды қаржыландырып отырған басқа да ұйымдар бар. Әрине, демократияны дамытуға арналған қаражат ағыны азаюы мүмкін, бірақ мүлдем тоқтап қалмайды. Бұл – бұған дейін де болған және алдағы уақытта бола беретін құбылыс. АҚШ билігіне демократтар келсе, басқа елдерде адам құқына байланысты берілетін гранттар көбейеді, республикалықтар келсе, азаяды», — деп түсіндірді саясаттанушы.

Көшім Қазақстанның көпвекторлы саясатына төнетін қауіпті көріп тұрмағанын айтты. Бірақ санкция мәселесіне байланысты билік етек-жеңін жинап отыру керек деп санайды. Сарапшы пікірінше, Трамп демократтар сияқты «ұзын арқан, кең тұсауға» жіберіп, жұмсақтық таныта бермейді. Егер Қазақстан арқылы Ресейге тыйым салынған тауар тасымалданатынын білсе, бірден мемлекетке қатаң санкция салуға шешім қабылдауы кәдік.

«Байден әкімшілігі белгілі бір фирманы немесе ұйымды қара тізімге енгізумен шектелді, ал Трамп – ешкім күтпеген қатаң шешімдер қабылдайтын адам. Сондықтан Ресеймен экономикалық сауда-саттық кезінде Қазақстан аса сақ болуы тиіс», — деп нақтылады Дос Көшім.

Геосаяси мүдде таразыда тұр

Сарапшы Қазақстан «бәрімен де доспыз» деген ұстанымда қала бергенін, алдағы уақытта сыртқы саясатына өзгеріс енгізу көздеп отырмағанын атап өтті. Украина-Ресей соғысы шиеленісіп кеткенін, жуық арада бейбіт келісімге келу қиын екенін айтты.

«Қазақстан Украинаға қатысты нақты ұстанымын айтқан жоқ. Трамп Украинаға қару береміз, Ресейге санкцияны азайтамыз деп саудаға салуы мүмкін. Менің ойымша, Зеленскийдің де, Путиннің де райларынан қайтатын түрі жоқ», — деді саясаттанушы.

Осы жерде Дос Көшім Путиннің пиғылынан қауіптенетінін жасырмады.

«Әрине, соғыстың тоқтағаны әсіресе Еуразия құрлығындағы кез келген елге тиімді болатыны анық. Мен ылғи айтып жүрмін, Ресей Украинадан кейін Қазақстанға қол салуы ғажап емес. Көзі қанға толған жыртқыш төңірегіндегілерді жайпап кетуден тайынбайды. Ресей осы кезге дейін «Қазақстанның солтүстік аймағы – өзімнің жерім» деп халықтың құлағына құйып қойды. Путин өзінің халқын әбден дайындады. Содан ресейліктердің Қазақстанға деген көзқарасы өзгерді. Енді осыны ұтымды пайдаланып, кем дегенде екі облысты меншігіне беруін талап етуі әбден мүмкін. Қазақ билігі оған қарсы шыға алмайды деген ойдамын, өкінішке қарай. Соғыс тоқтаса да, екі жағы да жеңіледі деген түсінік бар. Жоқ, бәрібір, Ресейдің бәсі басым болады. Осы жеңісінен кейін күшейе түсіп, көрші елге көз салуы әбден мүмкін», — деді Дос Көшім.

Ресей мен Украина соғысы туралы өз тұжырымын әлеуметтік желіде талдап, тарқатып жазып жүрген Қуаныш Еділхантегі Трамп әрекетінен нақты нәтиже күту қиын деп есептейді.

«Трамп екі елдің бітімге келу мәселесін күшке салып шешуі мүмкін. Бұл дұрыс шешім болмайды. Трамп «Соғысты қалайда тоқтатыңдар, Украинаның қауіпсіздігіне Еуропа жауапты» деп мәлімдеп отыр. Ресей мен Украина соғысты уақытша тоқтатуы мүмкін. Бірақ Трамптың ара ағайын болуынан нақты нәтиже шығады дей қою қиын. Бәрібір, түптің түбінде соғыс өрті қайтадан тұтанады», — дейді Қуаныш  Еділхантегі.

фото: pexels

 

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
АҚШ Дональд Трамп Қазақ елі Путин Ресей Санкция Санкциялық тауарлар саясат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025
Әлем жаңалықтары

Ми миграциясы: Америкадағы ғалымдар қайда қоныс аударады?

06/05/2025
Әлем жаңалықтары

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

05/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.