Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Есірткі саудасында криптовалюта ретінде 70 млрд теңге төленген
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 18/08/2025

Есірткі саудасында криптовалюта ретінде 70 млрд теңге төленген

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Биыл жеті ай ішінде есірткіге қатысты 4 655 қылмыс анықталды. Оның 2 100-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады.

Есірткі жасырушылардан бастап есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға дейінгі қылмыстық схемалар ашылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша 24 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде үш трансұлттық қылмыстық топ жойылды. 12 басшы мен 48 белсенді ұсталды.

Сондай-ақ 11 тоннадан астам есірткінің айналымға түсуіне жол берілмеген. Синтетикалық есірткінің тәркіленген көлемі үш есеге артып, бір тоннадан асты. Есірткі өсірудің 322 фактісі және 76 контрабанда дерегі анықталды. Жеті ай ішінде 20 мың есірткі сайты бұғатталды. Сонымен қатар шоттарында 2,5 миллиард теңге жинақталған күдікті операциялармен байланысты 38 мың банк картасы бұғатталған.

ІІМ дерегіне сүйенсек, 102 есірткі зертханасы жойылды. Оның 11-і синтетика өндіру бойынша болса, 91-і фитозертхана. Есірткі бизнесіне 110 млн АҚШ доллары көлемінде шығын келтірілді.

«Қазіргі уақытта есірткі қылмысымен күрес есірткі бизнесі үшін жазаны күшейту, өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазалау түрінде жүргізіліп жатыр. Интернетте есірткіні жарнамалаған және сатқаны үшін жауапкершілік енгізіліп, прекурсорлардың айналымы мен есірткі зертханаларына арналған құрал-жабдықтар үшін жаза күшейтілді. «Дроппер болғандарға» қылмыстық бап енгізілді», — деп жазды Х парақшасында бас прокурор Берік Асылов.

Қазір есірткі жарнамасын жоюға коммуналдық қызметтер мен еріктілер қатысады. 35 мыңнан астам есірткі жарнамасы жойылған. Жыл басынан бері 22 есірткі жарнамашысы ұсталып, 133 қылмыстық іс қозғалды.

Бас прокурордың сөзінше, есірткі бизнесін ұйымдастырушылардың мүлкі мен цифрлық активтерін алып қоюдың жаңа әдістемесі әзірленді. Прокурорлар осы әдістемені қолдана отырып, бес өңірде 9 миллиардтан астам теңгені құраған қылмыстық істерді тергеп-тексеріп жатыр.

Ақтау мен Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың тоғыз мүшесі 2,3 миллиард теңгені (1,2 миллиард қолма-қол ақша және 1,1 миллиард банк шоттарында) қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталып, ірі көлемде есірткі алынды. Ұлытау облысында құны алты миллион доллар болатын криптовалютаға тыйым салынды.

Астанада бірнеше есірткі дүкендерінің жұмыс жасауының жолы кесіліп, құны 3,8 миллион доллар (88 әмиян) тұратын криптовалютаға тыйым салу шаралары қолға алынды. Шетелде жасырынған ұйымдастырушылар ұсталды.

Шымкентте арнайы прокурорлар АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасының ірі есірткі дүкені бойынша қызметкерлерінің көмегімен оның шетелдік ағындарын, соның ішінде криптовалютаны жылдам қадағалап, 70 миллиард теңгеге 500 мың транзакциясын анықтады, екі астыртын зертхананы жойып, 24 қатысушыны қамауға алды.

«ҰҚК мен полиция қызметкерлері криптовалютада 12 миллион доллар құрайтын осындай істі тергеп-тексеруде. Барлық есірткі саудасы интернетте жалған шоттарды, криптовалюталарды және P2P төлемдерін пайдалана отырып жүзеге асырылатынын ескере отырып, есірткі қылмысына қарсы күресте IT-технологиялар қолданылады. Есірткіге қатысты барлық қылмыстық істер бойынша «дроппер» транзакцияларын бұғаттау алгоритмі жұмыс істейді. Жыл басынан бері құны 2,3 млрд теңге болатын 85 мыңнан астам картаға тыйым салынды. Жалпы алғанда арнайы прокурорлардың істерімен бірге есірткі істері бойынша тыйым салынған активтердің сомасы 11,5 миллиард теңгеден асады», — дейді Берік Асылов.

Фото: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Дроппер» транзакциялары 2025 Басты ақпарат Берік Асылов Есірткі жарнамасы Есірткі қылмысы ІІМ Ұйымдасқан қылмыстық топтар
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Өте өзекті

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.