Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 22 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Енді жедел жәрдем кей шақыртуға тәулік бойы бармауы мүмкін
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 25/09/2024

Енді жедел жәрдем кей шақыртуға тәулік бойы бармауы мүмкін

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Енді жедел жәрдем кей шақыртуға тәулік бойы бармауы мүмкін. Бұл санатқа азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін аурулардың өршуі жатады.

Елде жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгеріс енгізу жөніндегі бұйрықтың жобасын әзірледі.

Бүгінде жедел медициналық жәрдем бөлімшелерінің фельдшерлік және мамандандырылған бригадалары пациенттерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді.

Жалпы жедел жәрдем қызметі төрт санатқа бөлінеді. Бірінші санаттағы шақыру – шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін, өмірге тікелей қатер төндіретін пациенттің жай-күйі. Бұл шақыртуда жедел жәрдем көмегінің келу уақыты – 10 минутқа дейін. Ал жеделдіктің екінші санатындағы шақыру – медициналық көмексіз адам өміріне ықтимал қатер төнгенде медициналық қызметкерлер 15 минут ішінде жетуге тиісті. Үшінші санаттағы шақырулар – медициналық көмексіз денсаулыққа ықтимал қатер төнгенде. Оған жету уақыты – 30 минутқа дейін. Ал жеделдіктің төртінші санатындағы шақыруға пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған жағдай жатады.

Енді жаңа өзгерістерге сәйкес, жедел жәрдем төртінші санаттағы шақыртуларға тәулік бойы емес, кесте бойынша, яғни жұмыс уақытында таңғы сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні 8:00-ден 12:00-ге дейін шығады, ал жексенбі — демалыс. 

Министрлік қолданыстағы тариф емханаларды ұйымдастыру кезінде жедел медициналық көмек бөлімшесінің барлық шығысын толық жабуды қамтамасыз етпейтінін мәлімдеді. 

«Қаржыландырудың жеткіліксіздігі нәтижесінде тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды ұстаудың тиімсіздігі байқалады, бұл кредиторлық берешектің пайда болуына әкеледі» — деп түсіндірді ДСМ.

Құжат жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды. 8 қазанға дейін жұртшылықтың талқысына ұсынылып отыр.

Айтып өтелік, өткен жылы жедел жәрдем қызметіне 7,6 млн шақырту түскен. Жалпы бригадалар күн сайын орта есеппен 24 мың шақыртуға шығады.

Шалғай елдімекенде шұғыл медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін медициналық авиация қызметі жұмыс істейді. Авиация 2023 жылы шамамен екі мың рет ұшқан, оның 1 578-і – өңірлік деңгейде, 435-і Астана қаласында және жетеуі халықаралық деңгейде.

Сурет: pixabay.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 денсаулық сақтау министрлігі Жедел жәрдем Шұғыл медициналық көмек
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.