Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Пятница, 11 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Елімізде орташа жалақы көлемі – 285 677 теңге
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 10/10/2024

Елімізде орташа жалақы көлемі – 285 677 теңге

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлттық статистика бюросы ел азаматтарының жалақысына қатысты дәстүрлі зерттеуін жариялады.

Сәуірде бюро барлық ірі, сондай-ақ орта және шағын кәсіпорындардың 30%-ын іріктеп, барлық ай бойы жұмыс істеген қызметкерлерге есептелген жалақы мөлшері бойынша жыл сайынғы зерттеу жүргізді.

Ресми мәліметке сүйенсек, 2024 жылы Қазақстандағы орташа жалақы – 285 677 теңгені құрады.

Ең жоғары жалақы темекі өнеркәсібінің қызметкерлерінде, олардың орташа айлық жалақысы – 1 279 000 теңгені құрайды. Екінші орында мұнай-газ өндіру саласының қызметкерлері, олардың орташа табысы – 1,1 миллион теңгеден асады.

Аймақтар бойынша ең жоғары орташа жалақы Атырау облысында тіркелген. Ондағы жалақы – 594 426 теңгені құрайды.

Орташа айлық жалақы алушылардың үлесі:

  • 100 000 теңгеге дейін — 6,1% қызметкерлер;
  • 100 001-ден 150 000 теңгеге дейін — 12%;
  • 150 001-ден 300 000 теңгеге дейін — 35,1%;
  • 300 001-ден 600 000 теңгеге дейін — 35,6%;
  • 600 001-ден 900 000 теңгеге дейін — 6,9%;
  • 900 001-ден 1 200 000 теңгеге дейін — 2,1%;
  • 1 200 001-ден 1 500 000 теңгеге дейін — 1%;
  • 1 500 001 теңгеден жоғары — 1,2%.

Жалақы айына бір миллион теңгеден асатын болса, ең көп жалақы алатын 3% қызметкердің қатарына енгізіледі.

Басшылардың жалақы деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 11,4%-ға өскен. Өндірістік жабдық операторлары, көлік жүргізушілері және құрастырушылардың жалақысы – 16%, ал фермерлер мен ауыл, орман және балық шаруашылығы жұмысшыларында 14,3% болып отыр.

Орта білімі бар қызметкерлердің орташа айлық жалақысы – 262 238 теңгені, жоғары білімділердікі – 438 005 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барларда – 558 882 теңгені құрап отыр.

Қызметкерлердің жасына қарай бөлінісінде 16 жастан 24 жасқа дейінгі орташа айлық жалақы 250 518 теңгені, 25 жастан 34 жасқа дейінгілерде 347 985 теңгені, 35 жастан 44 жасқа дейінгілерде 397 468 теңгені, 45-тен 54 жасқа дейінгілерде 372 824 теңгені, 55 жастан 64 жасқа дейінгі азаматтарда 340 769 теңгені және 65-тен асқандарда орташа жалақы мөлшері 318 564 теңге құрады.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Жалақы көлемі Қазақ елі Ұлттық статистика бюросы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025
жаңалық

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

10/07/2025
жаңалық

Астаналық университет атауынан Назарбаевтың есімі алынып тасталуы мүмкін

09/07/2025

Жаңа мақалалар

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

жаңалық 10/07/2025

Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі

Сарапшы пікірі 10/07/2025

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

жаңалық 10/07/2025

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады?

Подкаст 10/07/2025

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады? (ВИДЕО)

Арнайы жобалар 09/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025

Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі

10/07/2025

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

10/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.