Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 14 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Елдің он бір өңірінде жылдық инфляция баяулады
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 18/10/2024

Елдің он бір өңірінде жылдық инфляция баяулады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қыркүйекте елде жылдық инфляция баяулап, 8,3%-ды (тамызда – 8,4%) құрады. Жылдық инфляцияның баяулауы он бір өңірде тіркелді. Сондай-ақ инфляция жеті өңірде жеделдеп, екі өңірде өзгеріссіз қалды.

Ұлттық банктің дерегінше жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласы мен Маңғыстау облысында тіркелді.

«Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,1%-ға дейін (тамызда – 5,5%) баяулады. Осы топтағы тауарлар бағасының ең жоғары өсімі Алматы қаласында (7,7%), ал ең төмені Астана қаласында (2,1%) қалыптасты. Азық-түлікке жатпайын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 7,6%-ға дейін (тамызда – 7,7%) баяулады. Ең жоғарғы мәні Түркістан облысында (13,3%), ең төменгі мәні Жетісу облысында (4,9%) тіркелді.

Ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы қыркүйекте бұрынғы деңгейде ж/ж 13,6% (тамызда – 13,6%) сақталды. Сонымен қатар бағалар жалпы республикалық деңгейден Павлодар облысында (20,0%) біршама жоғары, Алматы облысында (7,7%) төмен өсті», — делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Айтып өтелік, қыркүйекте ел бойынша бір айдағы инфляцияның өсуі 0,4%-ды құрады. Бұл тарихи орташа деңгейден (2017-2021 ж.ж қыркүйекте – 0,3%) жоғары.

Жалпы инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі.Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі.

Осы жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 42,0%, азық-түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 28,2%-ды құрады.

Жалпы Қазақстанда жылдық инфляцияның үш ай қатарынан төмендегені байқалады. Шілдеде жылдық инфляция 8,6%-ды құраса, тамыздағы көрсеткіш – 8,4%-ды, қыркүйекте – 8,3%-ға дейін баяулады.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Азық-түлік тауарлары Жылдық инфляция ҚР Он бір өңір Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

14/07/2025
жаңалық

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

14/07/2025
жаңалық

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

14/07/2025

Жаңа мақалалар

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

жаңалық 14/07/2025

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

жаңалық 14/07/2025

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

жаңалық 14/07/2025

Негізгі ҰБТ-ның қорытындысы жарияланды

жаңалық 14/07/2025

Қызылордада ағаш өңдеу зауыты өртенді

Оқиға 12/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

14/07/2025

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

14/07/2025

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

14/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.