Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Елдегі бес ломбард лицензиясынан айырылды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 27/09/2024

Елдегі бес ломбард лицензиясынан айырылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Түркістан қаласындағы бес ломбард лицензиясынан айырылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, олардың қатарында «Ломбард «Феруна» ЖШС, «ЛОМБАРД ТУРАН.KZ» ЖШС, «Престиж 1 Ломбард» ЖШС, «Южный Ломбард» ЖШС және «Ломбард Amanat Gold» ЖШС бар.

Аталған бірнеше ломбард «Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР заңының 16-бабы 2-тармағын орындамаған. Яғни, уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде орындамаған.

«Микроқаржылық ұйымдарды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде өзінің атауынан «ломбард» деген сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті. Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар микроқаржылық ұйымның (ломбардтың) клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, микроқаржылық ұйым (ломбард) алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады», делінген хабарламада.

Жазда агенттік төрт микроқаржы ұйымының – «Бренд ломбард» ЖШС, «Ұлдан-ломбард» ЖШС, «TIYN-S ломбард» ЖШС және «Әл-Фараби ломбард» ЖШС-ның лицензиясын үш айға тоқтатты. Сондай-ақ «Сәттілік Finance» микроқаржы ұйымының лицензиясын үш айға шектеді. Ұйым пруденциалды нормативтерді не басқа да міндетті талаптарды орындамаған.

Қазақстанда 509 ломбард бар

Ломбард бизнесі елімізге 90-жылдары енді. Кейін жағдай тұрақтала бастағанда қолданыс аясы тарылған. Себебі банктер кредит бере бастаған соң бұл жағынан бәсеке мықты болды. Бірақ соған қарамастан ломбардтардың қызметі – әлі де өзекті.

Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстандағы ломбардтар былтырғы ІІІ тоқсанда 7 миллиардтан астам таза пайда тапқан. Салық салынғанға дейінгі таза пайдасы 8,7 млрд теңгені құраған. Есепті кезеңде ломбардтардың кірісі 38,8 млрд теңгені, ал шағын несиелер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістің үлесі 19,3 млрд теңге болған.

Еconomy.kz сайтының ресми дерегіне сүйенсек, 2024 жылғы 1 шілдедегі есеп бойынша елде 948 микроқаржылық ұйым жұмыс істейді, олардың ішінде 223 микроқаржылық ұйым (МҚҰ), 216 несие серіктестігі және 509 ломбард бар.

Ұйымдар санының азаюы реттеуші талаптардың қатаңдауымен және нарық құрылымындағы өзгерістермен байланысты. Атап айтқанда, биылғы жылдың екінші тоқсанында ломбарлардың саны тоғыз ұйымға азайған.

Сурет: yandex.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР заңы 2024 Бес ломбард Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Лицензия Түркістан қаласы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.