Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 20 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Елде жыл сайын жатыр мойыны обыры кесірінен 600 әйел көз жұмады
Наргиза Ерес sarapshy.info 04/12/2024

Елде жыл сайын жатыр мойыны обыры кесірінен 600 әйел көз жұмады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда жатыр мойыны обырынан (ЖМО) қорғау үшін 11-13 жас аралығындағы 83,7 мыңнан астам қыз бала адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина алды. Бұл туралы Денсаулық Сақтау министрлігі хабарлады.

АПВ – жатыр мойыны обыры сияқты қауіпті аурулардың дамуына себеп болатын вирустардың бірі. Бұл вакцинация инфекциялық және онкологиялық ауруларды алдын алуға бағытталған ұлттық бағдарлама аясында қазан айында басталды.

«Қазақстанда жатыр мойыны обыры барлық жастағы әйелдердің арасында сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Сондай-ақ фертилдік жастағы (25-44 жас) әйелдер өлімінің екінші себебі», — делінген хабарламада.

Қазақстанда жыл сайын 2000-ға жуық ЖМО жағдайы тіркеледі, оның ішінде 600-ден астам әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін емес.

Вакцинация мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімімен жүреді. Оған қоса, емханаларда да өтуге болады. Егілгендер арасында кері әсері болған жағдайлар тіркелмеді деді министрлік. Себебі әлемдік тәжірибе вакцинацияның жоғары тиімділігін көрсетіп отыр. Аурудың алдын алудың ең тиімді жолы да осы.

Папилломасы вирусының 200-ден астам түрі бар, олардың 14-і онкогенді, яғни қатерлі ісік тудыруы мүмкін. Ең қауіпті түрлері – 16 және 18 типтегі вирустар.

Денсаулық сақтау ұйымы не дейді?

Аустралия, АҚШ-та вакцинация әсерінен папиллома вирусының таралуы 90%-ға төмендеген. Әлемде жыл сайын жатыр мойыны обырынан 300 мыңнан астам әйел қайтыс болады.

ДСҰ дерегінше, АПВ-ға қарсы вакцинацияның 500 миллион дозасын қолдану теріс реакция тудырған жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, папиллома вирусының дәл қазір емі жоқ, алдын алудың жалғыз жолы – вакцинация.

Сурет: gov.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Адам папилломасы вирусы вакцина вирус денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау ұйымы жатыр мойыны обыры қатерлі ісік
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.