Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 15 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Еңбек миграциясы: Орталық Азия Ресейге қаншалықты тәуелді?
Нұрсұлтан Ерболатұлы sarapshy.info 19/12/2024

Еңбек миграциясы: Орталық Азия Ресейге қаншалықты тәуелді?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Орталық Азия елдері Ресейге баратын еңбек мигранттарына және ақша аударымдарына  айтарлықтай тәуелді.

Бұл экономикалық және әлеуметтік құбылыс бірнеше факторға негізделген. Ресейде жұмыс істейтін Орталық Азия мигранттары (әсіресе Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан) отандарына тұрақты түрде ақша аударады. Бұл аударымдар кей елдерде ЖІӨ-нің 1/3-інен асып жатады.  Ресей соғыс бастағалы көші-қон саясатын қатаңдатып келеді. Оның ішінде шетелдерден жұмыс күшін тартуда кейбір мемлекеттерге квота санын шектеп, ал өзге елдерге керісінше көбейтті. Дегенмен де 2022 жылы Орталық Азия елдеріне ақша аударымдары ковидтік кезеңмен салыстырғандай айтарлықтай артты. 2023 жылы да бұл көрсеткіш жақсарды деп айтуға болады.

Өзбекстан басқа нарыққа бет бұруда

Көрші елдің азаматтары Ресейде ең көп жұмысшы саны қатарында. Сондай-ақ Өзбекстан соңғы 3 жылда өзбек азаматтары Ресейден 29 миллиард долларға жуық қаржы аударған. Дегенмен бұл көрсеткіш азайып келеді. 2023 жылы мигранттар елге 8,6 миллиард доллар ақша аударған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмен.

Өзбекстан Ресейдің ықпалын төмендетуге бағытталған қадамдар жасап жатыр, әсіресе экономикалық және жұмыс күші миграциясы саласында. Ресейден келетін ақша аударымдарының азаюы мигранттардың басқа нарықтарға бет бұруына, сондай-ақ Өзбекстанның экономиканы әртараптандыруға деген ұмтылысына байланысты болуы мүмкін.

Орталық Азия елдерінің Ресейге тәуелділігі көбінесе мигранттардың ақша аударымдары арқылы көрінеді. Өзбекстанның бұл тәуелділікті азайту үшін Еуропа және Оңтүстік Корея сияқты елдермен ынтымақтастықты нығайтуы оның стратегиялық шешімдерін көрсетеді. Ресеймен жұмыс күші патентін рәсімдеу жалғасып жатқанымен, бұл тек экономикалық қажеттілік ретінде қарастырылуы мүмкін. Ал Еуропа мен Азияның басқа елдерімен әріптестік экономикалық тәуелділікті теңестіру және сыртқы саясаттағы еркіндікті арттыруға бағытталған.

Бұл үдеріс Өзбекстанның сыртқы саясатындағы жаңа балансты іздеу және Ресейдің экономикалық ықпалын төмендету стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Тәжікстан экономикасының 48%-ы мигранттарға тәуелді

Тәжікстанның Ресейге еңбек миграциясына және ақша аударымдарына айтарлықтай тәуелді болуы ел экономикасында маңызды рөл атқарады. РФ Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша 2023 жылы Ресейде 1,3 миллион Тәжікстан азаматы тіркелген. Бұл көрсеткіш Тәжікстанның еңбекке жарамды халық санының едәуір бөлігін қамтиды.

Мигранттар 2023 жылы Тәжікстанға жалпы 5,7 миллиард доллар  аударған. Оның 80%-ы (4,6 миллиард доллар) Ресейден келген, бұл елдің экономикасына орасан зор үлес қосады. Ең қызығы жалпы сырттағы жұмысшылардың елге аударған жалпы қаржысын алсақ, бұл Тәжікстан ЖІӨ-нің 48,2%-ын құрап отыр. Осылайша, Тәжікстан өңірдегі ақша аударымдарына тәуелділігі жоғары ел болып отыр.

Қырғыз экономикасы: әрбір бесінші сомды шетелде жүрген азаматтар аударады

 Қырғызстан экономикасында Ресейден келетін еңбек мигранттарының ақша аударымдары маңызды рөл атқарады. Қырғызстанға соңғы үш жылда Ресейден жөнелтілген ақша аударымдарының сомасы 2,3-2,6 миллиард доллар арасында сақталып отыр. 2023 жылы мигранттар Қырғызстанға 2,5 миллиард доллар ақша аударған.

Халықаралық Валюта қорының және Қырғызстан Ұлттық банкінің мәліметтері бұл тәуелділіктің ауқымын көрсетеді. Ақша аударымдарының Қырғызстанның жалпы ішкі өніміндегі үлесі 20,5%-ға  (ал Ресейдің ЖІӨ үлесі 19,5%) тең болды. Бұл көрсеткіш Қырғызстанның айтарлықтай дәрежеде шетелде жүрген азаматтарының табысына тәуелді екенін көрсетеді. Ресей Қырғызстан мигранттарының негізгі жұмыс орны және ұзақ жылдар бойы қаржылық көмек көзі болуда.

Түркіменстан іргесін қымтап ұстайды

 Түрікменстан экономикасы табиғи газ экспортына сүйенеді. Сондықтан еңбек мигранттары жіберген ақша аударымдары ел экономикасында үлкен рөл атқармайды, ішкі нарыққа бағытталған жұмыс күші есебінен тәуелділік төмен.  Бұл елдің азаматтары Ресейден гөрі Түркияға көп барады. Түрікменстандағы саяси жағдай, азаматтардың еркін қозғалысына және ақпараттың тарауына қойылған шектеу биліктің миграция үрдісін бақылауда ұстауына қолайлы.

Қазақстан керісінше мигранттар қабылдап отыр

 Қазақстанның еңбек миграциясы мен ақша аударымдарына қатысты жағдайы Орталық Азиядағы басқа елдерден ерекшеленеді. Елдің экономикасы аймақ бойынша ең ірі және тұрақты болғандықтан, Қазақстан көбіне мигранттарды қабылдаушы ел ретінде танылады.

Қазақстан көбінесе Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген еңбек мигранттарын қабылдайды. Олар көбіне ауыл шаруашылығы, құрылыс және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді.

Кейбір қазақстандықтар, әсіресе жас мамандар, Ресей, Еуропа, АҚШ және Корея сияқты елдерге білім алу немесе жақсы жалақы іздеу мақсатында көшуде. Алайда азаматтардың ақша аударымдары өзге көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен және экономикадағы үлесі 1%-ға да жетпейді.

Ақша аударымдары азайса, қандай қиындықтарға алып келеді?

Ақша аударымдары әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Алайда бұл елдер өз экономикаларын әртараптандыруға жеткілікті әрекет жасамаса, тәуелділік проблемасы ушығуы мүмкін. Ақша аударымдарының үлкен бөлігі халықтың күнделікті қажеттілігін жабуға жұмсалады. Егер бұл аударымдар тоқтаса немесе азайса, Орталық Азия елдерінде әлеуметтік шиеленіс туындауы мүмкін. Сондай-ақ Ресей үшін бұл Орталық Азия елдеріне саяси, экономикалық, гуманитарлық қысым немесе ықпал ете алатын керемет құрал деп айтуға да болады.

Орталық Азия елдеріне мигранттардың ақша аударымдары қысқа мерзімде экономиканы қолдаса да, бұл тәуелділік ұзақ мерзімді перспективада экономикалық тұрғыда елдің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл елдер экономикаларын әртараптандыру және ішкі еңбек нарығын дамыту үшін реформалар жүргізуі қажет.

Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ

Сурет: Vesti.uz

Автор

  • Нұрсұлтан Ерболатұлы

    2018 жылы Алматы қаласындағы Нархоз университетін "қаржы” мамандығы бойынша (бакалавр), 2020 жылы UIB университетінде "қаржы және банк ісі" мамандығы бойынша (магистратура) білім алды. 2021 жылы “Forte bank” АҚ мененджер AWD қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары ECA 50 ұйымында дата-аналитик болды. 2024 жылдан бері kursiv.media, sarapshy.info порталында сарапшы ретінде мақалалар жариялайды.

    Барлығын қарау
Ақша аударымы Еңбек мигранттары Қырғызстан Орта Азия Өзбекстан Ресей Тәжікстан Халықаралық Валюта қоры
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

12/07/2025
sarapshy.info

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

11/07/2025
Әлем жаңалықтары

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

11/07/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да сапалы жол салуға не кедергі?

Арнайы жобалар 14/07/2025

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

жаңалық 14/07/2025

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

жаңалық 14/07/2025

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

жаңалық 14/07/2025

Негізгі ҰБТ-ның қорытындысы жарияланды

жаңалық 14/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да сапалы жол салуға не кедергі?

14/07/2025

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

14/07/2025

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

14/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.