Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 3 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Біздің сараптама»Еңбек миграциясы: өңірлердегі жұмыс күші қалаларға шоғырланып жатыр
Нұрсұлтан Ерболатұлы Біздің сараптама 13/02/2025

Еңбек миграциясы: өңірлердегі жұмыс күші қалаларға шоғырланып жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Миграция мәселесі – Қазақстанда ерекше маңызды экономикалық және әлеуметтік фактор болып есептелінеді.

Ішкі миграция – адамдардың ел аумағында бір аймақтан екінші аймаққа көшу процесі. Қазақстанда ішкі миграция еңбек нарығындағы теңсіздікті, өңірлік даму айырмашылықтарын және әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерді көрсетеді. Урбанизация деңгейінің өсуі, ауыл-аймақтағы жұмыс орындарының тапшылығы және қала инфрақұрылымының дамуы миграция ағынын күшейтуде. Халықтың өзге өңірден басқа аймаққа көшудегі мақсаты – білім алу, жұмыс және басқа да себептер. Дегенмен тұрғындар ірі қалаларға түрлі мақсатпен көшіп келгенімен, олардың басым бөлігі сол қалада еңбек күші ретінде жұмыспен қамтылады.

                                                   

Мәселен, еліміздегі 20 өңір қатарындағы 16 облыста ішкі миграция теріс динамикада. Яғни осы облыстардың тұрғындары өз аймағынан Астана, Шымкент, Алматы қалаларына көшіп келген. Алматы облысы да осы қалалардың қатарында болғанымен, өңірге көшіп келген жаңа тұрғындар саны айтарлықтай  аз.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2024 жылдың 9 айында  өзге облыстардан республикалық маңызы бар басты үш қалаға 54 мыңнан астам еңбек күші келген. Түркістан мен Жамбыл облыстарынан 20 мыңнан астам еңбек күші көшті. Бұл тенденция солтүстік және шығыс аймақтарда да айқын байқалады. Астана басты жұмыс беруші қалаға айналып отыр, 2024 жылдың 9 айы бойынша бас қалаға еңбек етуге қабілетті 32 мыңнан астам тұрғын қоныс аударған. Олардың 43%-ы – 15-39 жас аралығындағы тұрғындар.

Батыстағы ең ірі жобаның аяқталуы еңбек күшіне қалай әсер етпек?

Теңіз кен орнының болашақ кеңейту (ТШО) жобасының аяқталуы – Қазақстандағы еңбек миграциясы мен жұмыссыздық көрсеткішіне елеулі түрде әсер ететін маңызды оқиға. Бұл жоба мыңдаған қазақстандық және шетелдік жұмысшыларды жұмыспен қамтып келгендіктен, елдің экономикалық, әлеуметтік көрсеткіші мен еңбек нарығы тұрғысынан оның аяқталуының салдары мемлекетке тиімсіз болатыны айқын.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жоба толық аяқталып, оператор мұнай өндіре бастайды. Осы ірі жоба кезінде он мыңдаған адам жұмыспен қамтылды. Атырау облысының әкімі С. Шәпкеновтың мәліметінше 2024 жылы Теңіздің «Теңіз кен орнының болашақ кеңейту» жобасынан 11 555 адам жұмыстан қысқартылған. Оның 37%-ы — жергілікті тұрғындар. Қалғандары өзге аймақтардан келген. Енді жобаның аяқталуына байланысты құрылыс, инженерия, логистика және қызмет көрсету салаларында уақытша еңбек еткен тағы да мыңдаған адам жұмысынан босайды.

Теңіз кен орнындағы жоба тәмамдалғаннан кейін жұмыссыздықтың өсуі және ішкі миграцияның қарқын алуы – табиғи құбылыс. Алайда бұл факторды басқару үшін тиімді экономикалық саясат пен әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру қажет. Экономиканы әртараптандыру, қайта оқыту бағдарламаларын енгізу және миграцияны басқару Қазақстанның еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Еңбек миграциясының салдары

Урбанизацияның күшеюі – ірі қалаларға жүктеме алып келеді. Жылдам миграция қалалардағы үйлер мен жол инфрақұрылымына сұранысты арттырды. Алматы мен Астанада бұл мәселе айқын байқалады. Ішкі миграция, оның ішінде еңбек миграциясы ауыл экономикасын құлдыратуда. Жаңа ортаға бейімделу барысында мигранттар қиындыққа жиі тап болады, бұл әлеуметтік және мәдени айырмашылықты туындатады. Сондай-ақ еңбек миграциясының күшеюі елдегі әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті көрсетеді. Экономикалық мүмкіндіктердің шектеулігі мен төмен жалақы ауыл-аймақта өмір сүру сапасының төмендеуіне ықпал етеді.

Мамандар өңірде қалуы  үшін не істеу керек?

Ішкі еңбек миграциясының алдын алу немесе оны азайту үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Бұл шаралар өңірлер арасындағы экономикалық және әлеуметтік теңсіздікті азайтып, адамдарды тұрғылықты жерінде еңбек етуге ынталандыруға бағытталуы керек.

Урбанизацияны реттеудің тиімді жолдарының бірі – миграцияны ірі қалалардан гөрі орташа және шағын қалаларға бағыттау. Шағын қалалардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, тұрмыс сапасын жақсарту, білім беру жүйесін жетілдіру және шағын кәсіпкерлікті дамыту сияқты кешенді саясат арқылы еңбек миграциясының үлесін азайтуға болады.

Оған қоса өңірлердің экономикалық, әлеуметтік әлеуетін көтеріп, инфрақұрылымын жақсарту қажет. Бұл шаралар еңбек нарығын тұрақтандырып қана қоймай, халықтың өз аймағында өмір сүруге және жұмыс істеуге деген құлшынысын арттырады.

фото: pexels

Автор

  • Нұрсұлтан Ерболатұлы

    2018 жылы Алматы қаласындағы Нархоз университетін "қаржы” мамандығы бойынша (бакалавр), 2020 жылы UIB университетінде "қаржы және банк ісі" мамандығы бойынша (магистратура) білім алды. 2021 жылы “Forte bank” АҚ мененджер AWD қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары ECA 50 ұйымында дата-аналитик болды. 2024 жылдан бері kursiv.media, sarapshy.info порталында сарапшы ретінде мақалалар жариялайды.

    Барлығын қарау
Астана қаласы Ауыр еңбек Батыс өңір Еңбек мигранттары жұмыс күші Шымкент
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025
Экономика

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025
Экономика

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

06/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.