Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Депутат сынаған жолдардың шұңқырларын бітеу жұмысы ғана жүргізіледі
Наргиза Ерес sarapshy.info 25/12/2024

Депутат сынаған жолдардың шұңқырларын бітеу жұмысы ғана жүргізіледі

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе — Қарабұтақ — Қостанай, Қандыағаш — Шалқар, Шалқар — Ырғыз бағытындағы жол сапасының сын көтермейтінін Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова үкімет сағатында мәлімдеген болатын.

Қарабұтақ — Қостанай жолына күрделі жөндеу соңғы рет 2003 жылы жүргізілген деді Сүлейменова. Sarapshy.info редакциясы Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитетіне сауал жолдаған еді.

Комитет депуттатың сөзін растады. Аталған жолға соңғы күрделі жөндеу 2003-2006 жылдары жүргізілген, одан кейін тек жолдағы шұңқырларды жамаған.

«Ақтөбе облысындағы ұзындығы 234 шақырым болатын А-22 «Қарабұтақ — Комсомольское — Қостанай» автожолының учаскесі 2003-2006 жылдары салынған. 2023 жылы «ҚАЖсервис» ЖШС мердігерлік ұйымы 7,5 мың шаршы метр болатын учаскедегі шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізген. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күнделікті уақытша материалдармен шұңқырларды «жамау» жұмысы жүргізілуде, — деп хабарлады мекеме.

Ал депутат айтқан келесі бағыт – Ырғызға дейінгі жол сапасы. Сүлейменованың сөзінше, жеңіл көлік Ақтөбеден Ырғызға дейін 11 сағат жүрген. «Сонда бір күніміз жолда жүрумен  аяқталды» деді ол.

Комитет бұған қатысты былай деп жауап берді: «Ұзындығы 401 шақырымды құрайтын А-26 Қандыағаш — Ембі — Шалқар — Ырғыз автожолы республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу бойынша ауқымды жобаға енгізілген. Айта кетейік, 2023-2024 жылдары ұзындығы 20 шақырым болатын 239-259 шақырымдар аралығындағы учаскеге орташа жөндеу жүргізілген».

Жауапта Ақтөбеге қарасты жолдарды жөндеу алдағы жылдарда ғана аяқталатыны жазылған. Жолды жөндеу жұмыстары, құбыр салу, орташа жөндеу  — барлығы келесі жылдардың еншісінде.

Сурет: Pexels.com

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Ақтөбе облысы Жұлдыз Сүлейменова Қандыағаш - Ембі - Шалқар Қарабұтақ - Комсомольское - Қостанай республикалық маңызы бар жолдар
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.