Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Cырым ауданы әкімдігінде болған жанжалдан зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде жатыр
Наргиза Ерес жаңалық 19/03/2025

Cырым ауданы әкімдігінде болған жанжалдан зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

15 наурызға қараған түні Сырым ауданы әкімдігінің ғимаратында жанжал болғаны белгілі болды. Ресми мәлімет бойынша әкімдік күзетшісі  («Миннур күзет» ЖШС) таныстарымен ішімдік ішіп, оның соңы төбелеске ұласқан.

Соның салдарынан 1981 жылғы ер адам ауруханаға түсті. Sarapshy.info редакциясының тілшісі жәбірленушінің інісімін деп таныстырған Әділжан Ізбасарұлынан оқиғаның мән-жайын сұрады. Ол оқиғаға қатысы бар күдіктіні Сырым ауданының полиция департаменті «Бала-шағасы бар» деген себеппен босатып жібергенін айтты.

«Кеше Жымпитыдағы прокуратураға барғанда, оны үй қамаққа жібергенін айтты. Сол жақтан оның зайыбы мен анасының күтіп тұрғанын, қазір балам шығады дегенін өз құлағыммен естідім», — дейді Әділжан.

Қазір Әділжанның ағасы жансақтау бөлімінде жатыр. Әділжан әкімдіктің А.есімді күзетшісімен сөйлескен. Күзетші оның ағасын Б. есімді жігіттің ұрғанын, оқиға болған жерге Сырым ауданы әкімнің орынбасары Е. Ахметов келгенін айтқан.

«Негізі менің ағам сол әкімдікте бұрын күзетші болып жұмыс істеген. Ағамның қайда тұратынын әкімдіктегілер де,  әкімнің орынбасары да, күзетші де – бәрі біледі.  Соны біле тұра, жеңгеме ешқандай хабар жеткізбеген. Жеңгем ауруханаға өзі барып, жансақтау бөлімінде жатқанын дәрігердің аузынан естіген. Оған дейін үйге екі полиция қызметкері келіп, ағамның жеке куәлігін суретке түсіріп алып кеткен. Тек ағамның ауруханада екенін айтқан», — дейді ол.

 БҚО полиция департаменті Сырым ауданының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«1981 жылы туған ер адамға қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысушылар мен куәгерлердің барлығы анықталып, жауап алынды. Қылмыстық істің тергелу барысы бақылауда», — делінген хабарламада.

Видео: instagram.com/666nur07 парақшасынан

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті аталған оқиғаға мемлекеттік қызметкерлердің қатысы жоқ екенін айтты.

Statsnet сайтындағы дерек бойынша әкімдіктің күзет қызметін «Миннур Күзет» ЖШС ұйымдастырады. Компания басшысы – Миннур Сембиев. «Minnur Kuzet» ЖШС-ның кеңсесі Бәйтерек ауданының Мичурин ауылдық округінде орналасқан.

 

Сурет: Astana.tv

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Миннур Күзет» әкімдіктегі төбелес БҚО Жымпиты Сырым ауданы Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.