Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 6 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Цукерберг Facebook пен Instagram желілеріндегі фактчекинг «сүзгісін» алып тастайды
Наргиза Ерес sarapshy.info 08/01/2025

Цукерберг Facebook пен Instagram желілеріндегі фактчекинг «сүзгісін» алып тастайды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Марк Цукерберг соңғы уақытта Meta компаниясының контент модерациясы саясатына елеулі өзгерістер енгізетінін хабарлады. Бұл шешім АҚШ-та 2024 жылдың қарашасында Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісінен кейін қабылданды деп жазды Euronews басылымы.

Ол фактчекерлердің қызметінен бас тартып, олардың орнын пайдаланушылардың ескертулерімен алмастыруды жоспарлап отыр. Бұл қадам сөз бостандығын арттыруға және цензураны азайтуға бағытталған. Цукербергтің айтуынша, компания үкімет қысымына қарсы тұрып, пайдаланушыларға көбірек саяси контент ұсынуға ниетті.

«Соңғы сайлау сөз бостандығына қайта басымдық беру жолындағы мәдени бетбұрыс сәті сияқты сезілді», — деді Цукерберг Meta-ға тиесілі Facebook сайтында жариялаған бейнеүндеуінде.

Трамп осыған дейін Facebook-ті «халықтың жауы» деп атап, оны бірнеше рет сынаған болатын. 2021 жылы Facebook Трамптың аккаунтын уақытша бұғаттады. Трамп бұл шешімді сөз бостандығына қарсы әрекет деп бағалады.

2022 жылы оған басқа әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салынғаннан кейін, ол өз әлеуметтік желісі Truth Social-ды іске қосты.

Цукерберг АҚШ-тағы сайлау нәтижелері туралы тікелей пікір білдіріп, Meta Трамппен бірге әлеуметтік медиа платформаларын шектеуге тырысатын елдерге қысым жасау бағытында жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Meta-ның фактіні тексеру жүйесіндегі өзгерістер әзірге тек АҚШ-пен шектеледі.

Марк Цукерберг өзінің бейнеүндеуінде АҚШ-тан бастап Meta фактчекерлерден бас тартып, олардың орнын X платформасына ұқсас «пайдаланушылардың ескертулері» жүйесімен алмастыратынын мәлімдеді. Бұл жүйеде пайдаланушылар жалған ақпарат бар хабарламаларға контекст қосып, басқа қатысушылар оның қаншалықты пайдалы екенін бағалайды.

 

Сурет: Chip Somodevilla / Getty Images

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Facebook Instagram Meta Truth Social АҚШ Дональд Трамп Трамп фактчек Цукерберг
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.