Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Дүйсенбі, 19 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Көзқарас»Былтыр БҚО-дағы ветеринарияға 4,8 млрд теңге бағытталғанымен, эпидахуал жақсармаған
Нұртай Текебаев Көзқарас 05/09/2024

Былтыр БҚО-дағы ветеринарияға 4,8 млрд теңге бағытталғанымен, эпидахуал жақсармаған

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Отандық ғалымдар елімізде ветеринария саласының шатқаяқтап тұрғанын айтудан да, жазудан да кенде емес. Алайда экономиканы өрге бастырып, ауыл шаруашылығын аяқтан тұрғызар саладағы түйінді түйткілдердің әлі күнге шешімі табылған жоқ. Мәселен, 2024-2028 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі «Қуатты АӨК» ұлттық жобасына ветеринария саласы енбей, жетім баладай ұмыт қалған.

«БҚО мал дәрігерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ветеринария ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ветеринария және биотехнология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ғайса Әбсатиров «Қуатты агроөнеркәсіптік кешен» жобасын жемісті жүзеге асыру үшін алдымен ветеринария саласын түпкілікті дамыту қажет деп есептейді.

– БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметтері бойынша, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Германия сынды ветеринарлық қызмет жақсы ұйымдастырылған елдерде мал ауруларынан болатын жыл сайынғы шығын мал шаруашылығы өнімінің жалпы құнының 12,5-13 пайызын құрайды. Ветеринариялық қызметтің дамуы төмен елдерде бұл көрсеткіш 30-40 пайызға жетеді, – дейді Ғайса Әбсатиров.

Былтыр өңірде 21 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауру тіркелген, соның салдарынан 1516 бас мал пышаққа ілінген. Тағы бір мәлімет келтірейік, былтыр облыста ветеринария саласын дамытуға 4,8 млрд теңге қаржы бөлінген. Алайда эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылдың жоқтығы, эпизоотияға қарсы іс-шаралардың тиімді ұйымдастырылмауы, жұқпалы ауруларды диагностикалау жұмыстарының жүргізілмеуі, оған қоса сала мамандарының тапшылығы мен отандық ветеринариялық препараттардың қолжетімсіздігі сынды қордаланған мәселелер сол шешілмеген күйі қалып отыр.

Ғалым  ең алдымен, ветеринар мамандардың жалақысын арттыру арқылы мал дәрігерінің мәртебесін көтеру керек деп санайды.

«Бұл мамандық бойынша ЖОО-да оқуға жастар бармайды. Оқыса да, ауылда жұмыс істеуге құлықсыз. Өзге кәсіпті қол етіп, қалада қалып қояды. Егер жағдайды қазір түбегейлі өзгертпесек, 5-10 жылдан кейін мал дәрігерінсіз қалуымыз бек мүмкін. Өйткені қазіргі жұмыс істеп жүрген мамандар зейнетке шығады. Оларды алмастыратын ешкім болмайды. Қазір мал дәрігерлерінің не отыратын арнайы орны, мінерге жөні түзу көлігі жоқ. Жалақысы мардымсыз, ал жұмысы қиын. Маман тапшылығы қазірдің өзінде байқалуда. Ауылдық жерлерде мал дәрігерін табу оңай емес», – дейді профессор.

Ветеринария ғылымын түбегейлі зерттеумен айналысып келе жатқанына 40 жылдан асқан, 250-ден астам ғылыми еңбектің ауторы, Хирш индексі 5-ке теңесетін ғалым су тасқынынан кейін төрт түлік арасында түрлі паразитарлық аурулар өршуі мүмкін екенін айтады. Өйткені ылғал қоры мол болғандықтан түрлі қансорғыштар мен зиянкестер күрт көбейіп, малға ауру тарату ықтималдығы артады. Осыдан екі жыл бұрын оралдық ғалымдар ойлап тауып, «Эпсилон» ЖШС өндіріске қойған «Дисалар», «Эстрозоль» және «Тимутин» ветеринарлық препараттары аз ғана уақыт ішінде жұқпалы аурулармен күресте тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Бағасы импорттық дәрі-дәрмекке қарағандай әлдеқайда арзан әрі ауруға қарсы әсер ету уақыты да ұзағырақ.

– Кенелер динозаврлармен дәуірлес жәндіктер. Олар аш болса да ұзақ жыл бойы өлмейді, сақтала береді. Кенелер – экожүйенің мүшесі, ылғалды, жылы ауа райында өте тез көбейетін зиянкестер. Қазір өңірде кенелердің күрт көбейіп кетуін киіктер санының артуымен байланыстырады. Мүлдем олай емес. Ауыл шаруашылық жерлердің жөнді игерілмеуі, өңделмеуі мен мелиорациялық шаралардың сауатты жүргізілмеуі салдарынан кенелер үшін қолайлы жағдай туындап отыр. Ал олардың келтірер зардабы орасан зор. Түрлі қауіпті, жұқпалы ауруларды тудырып, төрт түлікке кесірін тигізеді, –  дейді ғалым.

Қазір оралдық ғалымдар малдың терісін зақымдайтын шыбынқұрттарды емдеп жазатын «Вольфа Микс» және «Супер Гита» препараттарын ғылыми зерттеуді аяқтады. Алайда, біздің ғалымдардың ғылыми ізденісінің жемісі мен жүйелі жолға қойылған өндірістің құзырлы министрлік пен уәкілетті органдар тарапынан қолдау таппай отырғаны қынжылтады.  Тәжірибелі ғалым ғылымға әлі де жеткілікті көңіл бөлінбей келе жатқанына налиды. Бұрынғы қалыптасқан ғылыми әлеует пен инфрақұрылымды қалпына келтірмейінше, алға жылжуымыз қиын екенін айтады.

– Қазір ғылымға арқа сүйеген мемлекеттер әлемнің даму көшін бастап тұр. Ғылымды мемлекет дамуының өзекті мәселелерінен бөле-жара қарастыруға болмайды. Оны ел мен қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану қажет. Бірнеше жыл бұрынғы пандемия, күні кеше болған су тасқыны, осының бәрі ғылымдағы әлсіз тұстарымызды ашып көрсетті. Ең алдымен – білікті мамандардың тапшылығы, іргелі ғылыми ортаның жоқтығы саланы дамытуға қолбайлау болып отыр. Еліміздегі жалғыз Ғылыми зерттеу институты Денсаулық сақтау министрлігіне өтті де ізі жоғалды. Соның салдарын енді көріп жатырмыз. Ашығын айтсақ, қазір әр ғалым өз қазанында қайнап жатыр. Әсіресе, өңірлердегі жағдай тіптен алаңдатарлық. Орталықтан келген құзырлы министрлік өкілдері жергілікті ғылыми ортамен кездесіп, пікір алмасуға, сұхбаттасуға ынталы емес. Ауыл шаруашылық министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан қолдау жоқ. Ал ғылымсыз ел құрдымға кетеді, – дейді Ғайса Әбсатиров.

Ғалымның пайымдауынша, ғылыми қоғамдастық пен бизнес арасындағы өзара ықпалдастықтың тиімді тетіктерін жолға қою қажет. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске кеңінен енгізу процесіне жергілікті әкімдіктер мен ірі кәсіпорындар мүдделі болса, ұтылмасымыз анық.

«Қазір жастар ғылымға көп ұмтылмайды. Бұл өте алаңдатарлық жағдай. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ғылымда ұрпақтар сабақтастығы үзіліп қалмауы керек. Ғылыми әлеуетті арттыруда жас ғалымдардың үлесі басымырақ, өйткені олар тәуекелшіл, жаңашыл, мобильді әрі өзгерістерге тез бейімделеді. Әсіресе, дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды. Ғалымның пікірінше, ғылымды  жан-жақты насихаттауға тұтас қоғам болып күш салуымыз керек»,  – деп қорытындылады сөзін бірлестік төрағасы.

Нұртай ТЕКЕБАЙ

Фото: shutterstock

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
ветеринария ғылым препарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Таяу Шығыстағы халық тағдыры таразыда тұр

27/02/2025
sarapshy.info

БҚО-да эпизоотияға қарсы шараларға 16,4 миллиард теңге бөлу жаспарланған

03/02/2025
sarapshy.info

Грузия Еуроодаққа енуге үмітті. «Ресейшіл» деп саналатын «Грузия арманы» партиясы қаншалықты интеграцияға құштар?

07/11/2024

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.