Сот Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бахытжан Байжановтың амнистия жөніндегі өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы Степногорск қалалық сотының отырысында белгілі болды.
Байжанов 2024 жылдың мамыр айында «аса ауыр қылмысты жасыру» бабы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын 2027 жылдың 18 шілдесіне дейін өтеуі тиіс болатын.
Сот Байжановтың амнистия туралы өтінішін қарастырып, жазаның үштен бір бөлігі – 8 ай 8 күн қысқартылып, енді 1 жыл 4 ай 17 күн өтейді. Ол бостандыққа 2026 жылдың 16 желтоқсаны шығады.
Сот отырысында колония өкілі сотталушының тәртібін оң бағалап, оның өтінішін қолдады. Судья Бауыржан Ақыжанов заңға сәйкес шешім қабылдап, өтінішті қанағаттандыру туралы қаулыға қол қойды.
Президент 23 маусым қол қойған амнистия туралы заң 15 мыңға жуық адамға қатысты. Олардың шамамен 2000-ы бостандыққа шығады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасы Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен 24 жылға абақтыға қамалды. 2024 жылдың қарашасында Бишімбаев түрмеден қашты деген сыбыс шығып, артынша қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
фото: Сот отырысынан алынған кадр