ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 12 наурыздағы мәліметі бойынша салық төлеушілер 17 млрд теңге салық қаржысын бюджетке бағыттады. Олардың қатарында BI Group және BAZIS компаниялары бар.
Комитет 633 салық төлеушіге хабарландыру жіберген. Оның қатарына құрылыс, сауда және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын 274 компания енді. Комитеттің түсіндіруінше, органдар табыс мөлшерін төмендетіп көрсеткен.
Ақпан айында үкімет басшысы Олжас Бектенов ірі команиялар салық есебін дұрыс тапсырмағанын сынады. Екі апта уақыт ішінде салықтарын төлеу керектігін ескертті.
Одан кейін BI Group Бектенов сынын жоққа шығарып, қаржылық есебіміз дұрыс, аудит жұмысы тұрақты жүргізіледі деген мәлімдеме жасады. Бірақ бүгін кірістер комитеті оның салық төлегенін растап отыр.
Осы уақытқа дейін Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеуден жалтарып жүрген блогерлер туралы жариялаған ақпараты да кеңінен талқыланды.
Сурет: freepik