Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 1 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Бектенов бірыңғай уақыт белдеуіне халық көндігеді деп отыр
Наргиза Ерес sarapshy.info 19/12/2024

Бектенов бірыңғай уақыт белдеуіне халық көндігеді деп отыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қостанай тұрғындарымен кездескен кезде бірыңғай уақыт белдеуінің пайдасы жөнінде айтқан. Үкіметтің баспасөз қызметі жаңа уақыт кестесін жиынға қатысқан тұрғындар қолдап сөйледі деп жазды.

Бектенов ғылыми зерттеу қорытындысы бойынша сағаттың ауысуы қоғамға оң өзгеріс алып келеді деп түсіндірген.

«Шешім Қазақстанда ғана емес, шетелде де жүргізілген өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды», — деді Бектенов.

Үкімет басшысы UТC+5 белдеуіне көшу дұрыс шешім болды деп есептейді. Уақыт ырғағына тұрғындар біртіндеп көндігеді деп тұжырымдады. Тіпті аса қолайсыз болса, жұмыс кестесін қарастыруға дайын екендерін де мәлімдеді.

«Мен бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір адамдарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінемін. Ағза біртіндеп үйренеді. Осындай шешім қабылданды. Егер өңірлерде қандай да бір қолайсыздық туындаса, біздің еңбек заңнамамыз мүмкіндік беретін инфрақұрылымды, жарықтандыруды, ыңғайлы кестені ұйымдастыру арқылы жұмыс істеу қажет. Осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешетін боламыз», — деді премьер-министр.

Бірақ Бектенов «табиғи уақытқа сәйкес» өмір сүру қаншалықты пайдалы екенін айтқанымен, Қазақстанға қатысты нақты қандай зерттеу жұмысы жүргізілгенін ашып айтпады.

Осы тұста бірнеше сұрақ туындайтыны заңды. Егер ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіліп қойған болса, үкіметтің тағы неге шығынданайын деп отырғаны белгісіз. Қараша айында Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбек жаңа уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 100 млн теңге сұраған. Денсаулық сақтау министрлігі 160 млн теңге керек деген ұсыныс жасаған.

Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты бірнеше петиция жарияланды. Бірақ тұрғындар талабы орындалған жоқ. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу облыстарының тұрғындары түс ауа күн ұясына батып кететінін, таң жай ататынын айтып жиі шағымданады.

Астана қаласының азаматтық істері жөніндегі ауданаралық сотында ШҚО атынан Қазақстан Республикасының Үкіметіне талап қойған заңгер Серікжан Ахметжанов ұтылып қалды. Ахметжанов «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 және оған өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулыны заңсыз деп тану керек екенін айтқан.

Сот Үкіметтің қаулыны мүлде жаңа құжат етіп жазып шығуына өкілеттігі жоқ деп шешті. Қаулы 2000 жылы қабылданғандықтан, оны даулайтын уақыт өтіп кетті деген уәж ұсынды. Талап қоюшы тарап құжат қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде сотқа шағымдануға тиіс деп тұжырымдады сот органы.

Нұртай Текебай

Сурет: Pixabay

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
бірыңғай уақыт белдеуі Ғылым және білім министрі денсаулық сақтау министрлігі Жаңа уақыт белдеуі Саясат Нұрбек Үкіметтің баспасөз қызметі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.