Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 14 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Біздің сараптама»Базарлар нарық талабына бейімделе ала ма?
Нұртай Текебаев Біздің сараптама 05/09/2024

Базарлар нарық талабына бейімделе ала ма?

kuhnyatv.ru
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Сауда базарлары 2025 жылдың соңына дейін жаңғыртылуы тиіс. Осыған арналған жол картасы жөнінде облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Қиматова егжей-тегжейлі айтты.

Негізі бұл жоба 2015 жылы басталған. Кейін белгілі себептерге байланысты тоқтатылған. Облыста 2024 жылға дейін 7 нысан жаңғыртылды. Жол картасында «Колос», «Мирлан», «Михаил», «Өнім» базарлары бар. Биыл тағы 10 базар («1001 ұсақ-түйек», «Тұлпар», «Айгүл», «Ашық жол», «Землячка», «Әйтиевада», «Шебер», «Мерей», «Бақытжол», «Алтын Алма») тізімге енді.

– Бүгіндері базарларды жаңғырту мәселесі өте өзекті, өйткені барлық жобаны іске асыру мерзімі 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін. Орталық атқарушы органдар сауда нысандарын заманауи үлгіге бейімдеу мақсатында нақты шара қабылдамақ. 2025 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әкімшілік мәжбүрлеу талаптары енгізіледі, – деп ескертті Қиматова.

 

Қаржылай қолдау тетігі

Мемлекет кәсіпкерлерге талап қоя отырып, бұл бағытта қаржылай қолдау тетіктерін іске қосады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры БҚО филиалының директоры Әсел Торғаева бағдарлама аясында ішкі сауда субъектілеріне екі құрал ұсынылатынын айтты:

  • пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
  •  несие кепілдігі;

Бұл құралдарды төрт бағытта пайдалануға болады:

  1. Сауда базарларын жаңғырту;
  2. Бөлшек сауда нысандарын салу, кеңейту/қайта жаңарту;
  3. Үйдегі дүкендер;
  4. Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу (IТ құралдар).

Бағдарлама шарттарына сәйкес облыс орталықтарында (Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қоспағанда) жобаларды жүзеге асыратын  сауда нысандарына берілетін несие көлемі 3 млрд теңгеден аспауы тиіс. Ал шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер үшін 1,5 млрд теңгеге дейін қаражат қарастырылады.

 

Субсидиялау мерзімі:

— инвестициялық мақсаттар үшін 5 жылға дейін

— айналым қаражатын толықтыруға 3 жыл

 

Ішкі сауда субъектілеріне несие кепілдігі ұсынылады:

— қолданыстағы нысандарға несие сомасының 50%-ына дейін;

— бастаушы субъектілер (тіркеу мерзімі 3 жылдан аспайтын) несие сомасының 85%-ына дейін.

Кепілдік несиенің барлық мерзіміне беріледі.

Облыстық сауда  және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Қиматова алдағы уақытта түсіндірме жұмысы күшейе түсетінін айтты.

«Мемлекет қолдауы аясында бағдарала жеңілдіктерін пайдаланғымыз келеді. 2025 жылдың соңына дейін базарды жаңғыртып үлгереміз деген ойдамын. Мұны өзіміз де, тұтынушылар да, сауда орындарын жалға алушылар да құптап отыр», – деді «Өнім» базарының әкімгері Эльмира Яфарова.

«Қара базармен» күрес

Қалада белгіленбеген орындарда сауда-саттық жасайтын алыпсатарлармен күрес мәселесі өзекті. Орал қаласы әкімінің орынбасары Азамат Халелов құқық қорғау құрылымдарымен бірге рейд жұмысы жиі жүргізілетінін баяндады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің  204-бабына сәйкес биыл 597 хаттама түзіліп, оның ішінде 534 ескерту беріліп, 1 138 982 теңгеге (308 282 теңге өндірілді) 63 әкімшілік айыппұл салынды.

Қала әкімдігі осы мәселені шешу үшін көше саудагерлеріне басқа учаскелерді ұсынып жатыр. «Қара базарға» балама ретінде стационарлық емес 40 сауда орны бекітілген. Оған қосымша 70 сауда нүктесін пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі кезде 19 кәсіпкер әкімдік ұсынған жерде сауда қызметін жүзеге асыруға келісті. Дегенмен нәпақа табатын орнын суытқысы келмейтіндер көп. Осының кесірінен заңсыз кәсіпкерлік белең алып тұр. «Қара базарды» тарқатып жіберу үшін жергілікті атқарушы органдар әкімшілік жазаны күшейту керек деп есептейді.

– Осыған байланысты облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп, ҚР ӘҚБтК-не «жабайы сауда» деректерінің санын азайту бағытында кейбір түзетулерді көздейтін хат жобасы әзірленді. Түзетулер шеңберінде 204-бапта көзделген қолданыстағы әкімшілік шараларды қатаңдату ұсынылды, – деді Халелов.

 

Анықтама:

«Белгіленбеген орындардағы сауда» деген 204-бапты 3-бөлікпен, яғни,  ескерту мен айыппұл салынғаннан кейін қайта жасалған құқық бұзушылыққа қатысты тауарларды, заттар мен құралдарды алып қою бағытында толықтыру ұсынылды. ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабының 3-бөлігінің күші ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылғаннан кейін қайталап жасалған бұзушылық жағдайында қолданылатын болады.

Осы редакцияда 204-баптың бірінші бөлігінде «Белгіленбеген орындардағы сауда» үшін бес айлық есептік көрсеткіш, екінші бөлігінде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

– Сауда-саттықтан бөлек, белгіленбеген орындарда қызмет көрсету деректері де көбейді. Мәселен, ҚР Тұңғыш Президенті алаңы ауданында электр көлігін ақылы жалға алу, аттракциондар мен басқа да ойын-сауық құралдарын пайдалану арқылы заңсыз табыс тауып жатқандар бар. Осыған әкімшілік жауапкершілік қарастыру керек деп есептейміз. Кодекстің 204-5-бабын «осы қызметті жүзеге асыруға арналмаған жалпы пайдалану орындарында және өзге де орындарда қызметтер көрсету» деп толықтыру ұсынылды. Аталған шаралар стихиялық сауда мәселесін кешенді шешуге ықпал етеді және кәсіпкерлік субъектілерінің «көлеңкеден» шығуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді қала әкімінің орынбасары.

Сарапшылар медальдің екі жағы бар екенін ескеру керек дейді.

«Сауда базарларын жаңғырту жобасы экономикалық, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан тиімді шешімдерді қамтиды. Соның қатарында шағын және орта бизнестің дамуы, жұмыс орындарының көбеюі, мемлекеттік кірістің артуы және заманауи инфрақұрылымның құрылуын атауға болады. Заңсыз саудамен күресу арқылы көлеңкелі экономиканы қысқарту, логистиканы жетілдіру және кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету маңызды нәтижелерге жетелейді. Дегенмен жобаның кемшіліктері де жоқ емес. Мысалы, жаңғыртуға қажет ірі қаржылық шығындар бюджетке салмақ түсіруі мүмкін. Сондай-ақ, базар иелері мен кәсіпкерлер жаңа талаптарға бейімделу барысында әкімшілік кедергілерге тап болуы ықтимал. Кейбір заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыру ұзақ уақытты талап етеді. Жалпы, бұл жоба Қазақстанның сауда инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталғанымен, тиімді нәтижеге жету үшін кешенді мемлекеттік қолдау мен заңнамалық тұрақтылық қажет», – дейді сарапшы Ғалым Нүркен.

P.S. Сауда базарлары нарыққа шыдау үшін заманауи инфрақұрылым мен қызмет көрсету стандарттарын сақтауы қажет. Тұрақты логистика, бәсекеге қабілетті баға және сапалы қызмет көрсету олардың әлеуетін нығайтады. Мемлекеттік қолдау мен қаржыландырудың тиімді пайдаланылуы базарлардың нарықтық талаптарға бейімделуіне ықпал етеді. Дегенмен инновациялық сауда форматтарымен бәсекелестік күшейіп, цифрлық сауда платформаларының дамуы базарларға қосымша міндеттер жүктейді. Жалпы жаңғырту жобаларынан кейін кәсіпкерлер маркетинг тәсілдерін жетілдірсе, базарлар нарықтың тұрақты әрі маңызды бөлігіне айналуы мүмкін.

Нұртай АЛТАЙҰЛЫ

фото: kuhnyatv.ru

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

12/07/2025
жаңалық

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025
Қаржы

Енді банктер сайтынан несиені онлайн-калькулятормен есептеуге болады

09/07/2025

Жаңа мақалалар

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

жаңалық 14/07/2025

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

жаңалық 14/07/2025

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

жаңалық 14/07/2025

Негізгі ҰБТ-ның қорытындысы жарияланды

жаңалық 14/07/2025

Қызылордада ағаш өңдеу зауыты өртенді

Оқиға 12/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атырау аквапаркінде 14 бала хлордан уланды

14/07/2025

Үкімет Оралда теміржол бөлімшесін ашуға қатысты сенатор ұсынысын құптамады  

14/07/2025

Перизат ісі: сот бейнетүсірілімге тыйым салды (ВИДЕО)

14/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.