Облыста бүйрек синдромды геморрагиялық қызба 2024 жылдың 10 айымен салыстырғанда 7 есе көбейіп, 2025 жылдың 10 айында 22 жағдай тіркелді. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
Аурудың ең көп таралған аймақтары – Бөрлі ауданы (8 жағдай), Бәйтерек ауданы (6 жағдай), Орал қаласы (6 жағдай) және Теректі ауданы (2 жағдай). Науқастардың көпшілігі кеміргіштермен байланыста болғанын, балық аулауға шыққанын немесе шөп шабу жұмыстарына қатысқанын айтқан.
Айта кетейік, шілде айында облыс аумағында түйнеме ауруына шалдыққан 22 мал моласы ашық күйінде қалғаны анықталды.
фото: freepik.com

