14 желтоқсанда БҚО-да қолайсыз ауа райының салдарынан көлік жолдарында қозғалыс уақытша шектелді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.
Қатты бұрқасынға байланысты Казталовка-Жәнбіек, Өнеге-Сайқын, Орал-РФ шекарасы және БҚО-Атырау автожолдары жабылды.
Өңірде көктайғақ, бұрқасын, қатты қар мен тұман байқалады, ал облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауған. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетіп, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшейген.
Сонымен қатар ауа райының күрт байланысты кей аудандарда уақытша электр энергиясы өшкен.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

