Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Баджo тайпасы туралы білесіз бе?
Наргиза Ерес sarapshy.info 19/12/2024

Баджo тайпасы туралы білесіз бе?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Кейінгі уақытта Баджо (Баджао) тайпасына қатысты ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кең таралып жатыр. Бірі бұл тайпаның бар-жоғына күмән келтірсе, бірі олардың желбезегі бар дейді. Sarapshy.info редакциясы ақпаратты тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Баджо тайпасы бар ма?

Баджо халқы шынымен де бар. Олар — теңіз көшпенділері деп аталады. Негізінен Оңтүстік-Шығыс Азияда, әсіресе Филиппин, Малайзия мен Индонезия аумақтарында өмір сүреді.

Зерттеулерге сәйкес, олар өздерінің ерекше қабілеттерімен танымал, 70 метрден астам тереңдіктегі суға өзінің табиғи салмағымен және бір жұп ағаш көзілдірікпен сүңгиді. Күнделікті уақытының 60%-ын су астында өткізеді.

Мәлімдеме: Баджо тайпасындағы адамдарда желбезек болатыны рас па?

Баджо адамдарында желбезек жоқ. Бұл — миф немесе қате түсінік. Баджао халқының ерекше қабілеттері олардың генетикалық және физиологиялық бейімделуіне байланысты, бірақ олар адамдардың анатомиялық құрылымынан ерекшеленбейді.

Баджо тайпасының ерекшелігі неде?

2018 жылы «Cell» журналында Мелисса Иллардо және оның әріптестері жүргізген зерттеу нәтижелері жарияланды. «Physiological and Genetic Adaptations to Diving in Sea Nomads» зерттеуінде Баджао тұрғынының денесі суда жүзуге, тереңдікке сүңгуге бейім екені айтылған.

Зерттеу барысында PDE10A геніндегі өзгерістер анықталған. Бұл ген көкбауырдың көлемін ұлғайтып, қанға оттегіні көбірек жинақтауға мүмкіндік береді. Ал BDKRB2 геніндегі мутация адамдардың су астында дем алмастан ұзақ уақыт тұруын қамтамасыз ететін тамырлардың тарылуын реттейді.

Сонымен қатар олардың көкбауыры басқа адамдардың көкбауырынан 50%-ға үлкен екені анықталған, бұл сүңгу кезінде қосымша оттегі қорын береді. Зерттеулерде көрсеткендей, теңіз көшпенділерінің балаларының су астында көру қабілеті жоғары. Алайда Баджо халқының өкілдерінде құлақтағы дабыл жарғақтары зақымданған болады. Бұл су астындағы қысымның өзгеруінен табиғи жолмен болуы мүмкін немесе терең сүңгулер кезінде ауырсынуды сезінбес үшін жарғақтарды әдейі теседі.

Сурет: Ашық дереккөздерден

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Cell» журналы Баджо тайпасы генетикалық Индонезия көкбауыр Малайзия миф сарапшы инфо физиологиялық Филиппин
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-ға тағы дрон құлады

26/03/2026
Фактчекинг

«Иран тікұшағы ма әлде сурет пе?» Желідегі бейнежазба қаншалықты рас?

06/03/2026
жаңалық

Атыраудағы отбасы өліміне күдіктілерді елге қашан экстрадициялайтыны белгілі болды

05/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.