Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
    • Ақпараттық хабарлама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 12 қараша
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО тұрғындарының 16%-ы МӘМС жүйесінен тыс қалды
Дария Ғұмар жаңалық 19/01/2026

БҚО тұрғындарының 16%-ы МӘМС жүйесінен тыс қалды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысында медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 582 109 адам тіркелген. Бұл облыс тұрғындарының 84%-ын құрайды. 2021—2025 жылдар аралығында Қазақстанда МӘМС жүйесіне тіркелген азаматтар саны 15,8 млн-нан 17,5 млн адамға дейін өскен. Аталмыш кезеңде Батыс Қазақстан облысында сақтандырылғандар саны 57 мың адамға артты, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі Sarapshy.info агенттігіне берген жауабында.

Соған қарамастан 2025 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша БҚО-да 105 955 адамның сақтандыру мәртебесі жоқ. Бұл облыс тұрғындарының 16%-ы. Яғни әр жетінші тұрғын МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр.

2024 жылы БҚО-да МӘМС аясында медициналық ұйымдарға 33 млрд теңге, ал 2025 жылдың 11 айында 35 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қаражаттың негізгі бөлігі стационарлық және консультативтік-диагностикалық көмекке бағытталған.

Сақтандырылмағандар кімдер?


Ресми жауапта сақтандырылмаған азаматтар А, B, C, D және E санаттарына бөліп көрсетілген. А санатына әлеуметтік жағдайы жақсы 162 мыңадам кірсе, материалдық жағдайы орташа адамдардың (В санаты) 1,1 миллионы медициналық сақтандыру алмаған. Ал Скатегориясындағы (қанағаттанарлықсыз деңгей)903 421 азамат сақтандырылмаған.

D санатында (дағдарыстық деңгей) 598 079 адам,ал E санатына кіретін 180 550 қазақстандық бар.

Айта кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік осал топтарға жататын шамамен 1 миллион қазақстандық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қол жеткізеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

МӘМС олқылықтары

Қызмет сапасына қатысты шағымдар саны 8 678-ге жетті. Бұл – әрбір үшінші өтініш медициналық көмектің сапасына байланысты деген сөз.

МӘМС қоры жүргізген тексерулер барысында жекелеген медициналық ұйымдарда нақты көрсетілмеген қызметтер үшін төлем сұрау, бір қызметті негізсіз қайталау, медициналық көрсеткішке сай келмейтін қызметтерді тіркеу фактілері анықталған.

2025 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 23 022 шағым түскен. Оның 52,9%-ы консультациялық-диагностикалық қызметтерге, 35,6%-ы алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қатысты. Шағым түсірген тұрғындаркөбіне кезектерге, медициналық жолдамаларға,маман тапшылығына наразы.

Медицина сарапшысы Қайырғали Көнеевтің айтуынша, егер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тек мекемелер ғана емес, жеке дәрігерлер де тікелей қатыса алатын болса, кадр тапшылығы жойылар еді. Себебі көптеген жалпы практика дәрігерлері ауылға барып, халықты өз атына тіркеуге мүдделі болады. Мәселен, бір дәрігер үш-төрт ауылды қамтып, тұрғындарды тіркеп алса, МӘМС арқылы ай сайын кемінде бір миллион теңге табыс таба алады. 

фото: istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 денсаулық сақтау министрлігі МӘМС медицина міндетті сақтандыру
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026
жаңалық

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026
жаңалық

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

23/10/2026

Жаңа мақалалар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

Біздің сараптама 27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

жаңалық 27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

жаңалық 24/10/2026

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

Әлем жаңалықтары 24/10/2026

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

жаңалық 23/10/2026
Сайт мұрағаты
Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Қаз    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.