Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша жәбірленуші тарап күдіктіге қатысты талап-арызынан бас тартты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
2 қаңтарда қыздың әкесі полицияға жүгініп, ер адам оның кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне кіргізіп, зорлағанын хабарлаған.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы («Кәмелетке толмағандарды зорлау») бойынша іс қозғалған. Кейін 16 жастағы қыз бен оның анасы күдіктіге шағымы жоқ екенін айтып арызын қайтарып алған.
Күдікті Шыңғырлау ауданы әкімдігінде бірінде қызмет атқарған. Іс қозғалғаннан кейін ол қызметінен босатылған.
Облыстық полиция департаменті тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.
фото: istockphoto.com

