Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»БҚО-да жарық, жылу, автогаз бағасы өсті
Дария Ғұмар Шолу 02/08/2025

БҚО-да жарық, жылу, автогаз бағасы өсті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Тамыз айында Батыс Қазақстан облысында коммуналдық төлем мен сұйытылған газ бағасы өсті.

Енді көлікке құйылатын газ да, үйдегі жарық та, ыстық су да бұрынғыдан қымбатырақ болады. Тарифтердің көтерілуі отын құнының өсуіне және инвестициялық бағдарламалар аясында бекітілген тарифтерге байланысты.

Электр қуаты

1 тамыздан бастап елдегі электр қуатын өндіретін компаниялардың қызмет құны өсті.

Батыс Қазақстан облысындағы «Жайық жылу қуат» АҚ электр тарифін 13,25 теңгеден 13,95 теңгеге көтерді.

Соған сәйкес 5 тамыздан бастап электр энергиясының жаңа тарифтері күшіне енеді. Бұл туралы«Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС ресми сайтына ақпарат жариялады.

Жаңа тарифтерді бекітуге арналған қоғамдық тыңдау 18 шілдеде өтті.

Содан жаңа орташа босату тарифі 32,52 теңге деп бекітілді.

Сараланған тарифтер де өзгерді:

  • I деңгей (70 кВт/сағатқа дейін) – 30,79 теңге (бұрын – 26,44 теңге);
  • II деңгей (70–120 кВт/сағат аралығы) – 39,03 теңге (бұрын – 33,79 теңге);
  • III деңгей (120 кВт/сағаттан жоғары) – 48,79 теңге (бұрын – 42,24 теңге).

Жылу тарифі

«Жайық жылу қуат» кәсіпорны 1 тамыздан бастап жылу және ыстық су тарифі өскенін хабарлады. Тұрғындар үшін жылу энергиясы қосымша құн салығын есептегенде 218,80 теңге, ыстық су 1347,71 теңге деп бекітілді.

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Орал қаласында жылу энергиясының тарифі 2%-ға қымбаттады. Бұл туралы «Жайық жылу қуат» АҚ-ның«Монополист» базасындағы ресми мәлімдемесінде айтылған.

Компанияның хабарлауынша, тарифтің шілде айындағы өсуі көгілдір отынның 30%-ға қымбаттауымен тікелей байланысты.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың маусымында аталған кәсіпорын алдағы үш жылға арналған жылу энергиясы өндірісі, тасымалдау, тарату және жеткізу қызметтеріне қатысты реттелетін дифференциалды тарифті бекіткен болатын. Ол 5 маусымнан бастап күшіне еніп, тарифтің кезең-кезеңімен өсуін қарастырады.

Сұйытылған газ

2025 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанның бірқатар өңірінде сұйытылған мұнай газының (автогаз) шекті бөлшек бағасы өзгерді. Энергетика министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес жанармай құю бекеттеріндегі баға енді төмендегі шекті деңгейден аспауы тиіс.

Астана, Алматы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында 1 литр автогаздың шекті бағасы – 112 теңге. Қашықтағы елді мекендер үшін бұл көрсеткіш 117 теңгеге дейін жетеді. Ал Маңғыстау облысында көгілдір отынның шекті бағасы ең төмен – 72 теңге (алыс аудандарда – 77 теңге).

1 ақпанда мемлекет сұйытылған газ бағасын көтерген еді. Сұйытылған отын бағасы жыл басынан бері екінші рет қымбаттап отыр.

Энергетика министрлігі автогаз құны біртіндеп бензин бағасымен теңеседі дейді.

Sarapshy.info шілде айында өңірдегі автогаз мәселесін зерттеді. «БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады?» тақырыбында жазылған мақаланы оқи аласыз.

Ескерту: кестеде берілген тарифтер құны қосымша құн салығымен есептелген

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
автогаз автогаз қымбаттады баға Басты ақпарат БҚО Жайық жылу қуат коммуналдық кәсіпорын Коммуналдық төлем электр жарығы электр қуаты электр тарифі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Елде дропперлікке қатысты 10 істің үшеуі БҚО-да тіркелді

28/11/2025
Өте өзекті

Орал дүкендерінде тұз тапшы болып жатыр: Ресей экспортты тоқтатты

28/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.