Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО-да жаңа футбол клубы құрылады
Түгелбай Бисен жаңалық 13/02/2025

БҚО-да жаңа футбол клубы құрылады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, облыста «Жайық» атауымен жаңа футбол клубы құрылады. Бұл клуб бұрынғы «Ақжайық» ФК-ның ойыншылар мен жаттықтырушылар алдындағы жалақы қарызын өтеуді өз міндетіне алды.

Айта кетейік, «Ақжайық» футбол клубы 2024 жылы борышкерлер тізіміне енді. Сондықтан клуб мемлекеттік сатып алуларға қатысу құқығынан толық айырылып, нәтижесінде 36 қызметкер 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында жалақысын алмады. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО департаменті мәліметінше, қарыздың жалпы сомасы 65,2 миллион теңгені құраған.

Осыған дейін облыс басшылығы мен «Ақжайық» футбол клубының құрылтайшылары арасындағы келіссөз барысында клуб құрылтайшыларына ақпанның 10-ына дейін демеушілер мен инвесторлар есебінен мәселені шешуге уақыт берілген еді. Бірақ жағдай реттелмеді. Осыған байланысты облыс әкімдігі жедел шара қарастырып, «Жайық» футбол клубын құру туралы шешім қабылдады.

Алдағы маусымда «Жайық» Қазақстан чемпионатының екінші лигасында өнер көрсетеді. Сонымен қатар клубтың жастар құрамасы QJ League (Қазақстанның жасөспірімдер лигасы) турниріне қатысуы мүмкін.

Жаңа құрылған футбол клубы бұрынғы ұжым алдындағы барлық қаржылық міндеттемелерді орындап, өңірдегі футболдың дамуына күш салмақ. «Клубтың алға қойған негізгі мақсатының бірі – балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту» делінген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы таратқан мәлімдемеде.

Сурет pixabay.com сайтынан алынды

Автор

  • Түгелбай Бисен

    - спорт журналисі. Әр жылдары "Ауыл тынысы" газетінің бас редакторы, "Орал өңірі" газетінің тілшісі, "Ақжайық" футбол клубының баспасөз хатшысы болды.

    Барлығын қарау
«Жайық» футбол клубы 2025 Ақжайық ФК Балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту БҚО Жаңа футбол клубы Орал қаласы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.