Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО-дағы жол апатына қатысты арнайы комиссия құрылды
Дария Ғұмар жаңалық 18/11/2025

БҚО-дағы жол апатына қатысты арнайы комиссия құрылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысында Чапай-Жаңақала-Сайқын бағытындағы тас жолда болған ауыр жол апатының себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс тобы оқиғаның мән-жайын толық әрі объективті анықтау үшін тергеу жүргізеді, зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетуге ықпал етеді. Комиссия құрамына облыс прокуроры, полиция департаменті мен төтенше жағдай департаментінің басшылары, салалық басқармалар өкілдері және Жаңақала ауданының әкімі енді.

17 қарашада трассада бір-біріне қарама-қарсы жүрген Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері соқтығысты. Соның салдарынан көліктердің бірі өртеніп, оқиға орнында сегіз адам қаза тапты. Төрт адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша зардап шеккендердің екеуі – балалар. Олар Ақжайық аудандық ауруханасынан облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. 2012 жылы туған ұл мен 2024 жылы туған қыз – жабық бас-ми жарақатын алған, миы шайқалған. Екеуінің жағдайы орташа ауыр деңгейде.

Көлікте болған 2002 жылғы әйел адамның ішкі ағзасына ота жасалды, шынтағы мен саны жарақттанды. Оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалады. Ал 2001 жылғы ер адам белінің төменгі бөлігі жарақаттанған. Амбулаторлық ем қабылдаған соң облыстық балалар ауруханасындағы баласының қасына жатқызылды.

Қаза тапқандар Жаңақала ауданының Мұқыр, Жаңақала, Қызылоба, Мәштексай және Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылдарының тұрғындары екені анықталды. Аталған факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 БҚО жол апаты Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.