Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Тағайындау»БҚО-дағы «Жайық қалашығы» тарихи-мәдени музей-қорығын Мирболат Ерсаев басқарады
Редакция Тағайындау 06/08/2025

БҚО-дағы «Жайық қалашығы» тарихи-мәдени музей-қорығын Мирболат Ерсаев басқарады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Жайық қалашығы тарихи-мәдени музей-қорығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Мирболат Ерсаев тағайындалды. М. Ерсаев 2014-2025 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейін басқарды. Музей директоры қызметін атқарған кезде бірнеше ірі жобаны жүзеге асырды.

Мирболат Бижанұлының басшылығымен көптеген халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мәдени-көпшілік шаралар, экспедициялар, форумдар, семинарлар ұйымдастырылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру» музейі ашылды. 2024 жылы Ұлттық домбыра күніне орай республикада тұңғыш рет «Ұлттық домбыра» музейі іске қосылды.

Облыстық музей құрылымдарында көптеген өзгеріс орын алды. 2019 жылдың сәуір айында «Маркетинг технологиялары және цифрландыру» бөлімі ашылды. 2018-2019 жылдары мәдениет ұйымдарын оңтайландыру барысында алты музей, 2020 жылы облыстық тарих және археология орталығы облыстық музейдің бөлімдері болып тіркелді.

Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі — М. Мәметова мемориалдық музейінде 1993 жылы жасалған «Мәншүктің өшпес ерлігі» диорамасы жаңа заманауи қондырғылармен 3D mapping жүйесі бойынша жабдықталды. Мәметова музейіндегі диорама көрермендер үшін өте әсерлі көріністің бірі болып есептелінеді.

Облыстық музей көптеген игі шараның өтуіне мұрындық болды. Күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай халықаралық ғылыми экспедиция мен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

БҚО тарихи-өлкетану музейі атқарған жобалар: 

  • «Жауқазын-2016» . Аталмыш жоба аясында облыс аудандары балалар шығармашылығы орталықтарының көрмелері жабдықталды;
  • «Ел іші — өнер кеніші». Жоба аясында жергілікті қолөнершілердің туындыларынан «Көкейімде бар әлем», «От рукоделия к бизнесу» көрмесі жасақталды;
  • «Музейстар-2019». Жобаға М. Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің көрмелері ұсынылды.

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына — 2021» фестивалінің республикалық кезеңінде «Музей жанашыры» аталымын Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры М. Ерсаев иеленді.

Ерсаев жаңа мекеме жұмысын Семей қаласында Жайық қалашығы көрмесін өткізуден бастамақ.

«Еліміздің мемлекеттілік дәстүрін танытатын бірегей ескерткіш – Жайық қалашығының ғылыми және мәдени әлеуетін барынша ашу – басты мақсатым болмақ. Бабалар аманатын асқақтатып, Жайық қалашығын жаңа деңгейге көтеру жолында аянбай еңбек етпекшіміз. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік», — дейді М. Ерсаев. 

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
БҚО тарихи-өлкетану музейі жаңа тағайындау қорық Мирболат Ерсаев тағайындау тарих
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО прокуроры болған Жандос Өмірәлиевтің шені өсті

29/09/2025
жаңалық

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қызметінен босатылды

29/09/2025
жаңалық

Мұрат Нұртілеу сыртқы істер министрі лауазымынан босатылды

26/09/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.