Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО-да «Uniserv» компаниясына 2,5 млн теңге айыппұл салынды
Гүлмира Сарсенғали жаңалық 20/08/2025

БҚО-да «Uniserv» компаниясына 2,5 млн теңге айыппұл салынды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Uniserv» ЖШС-на 2,5 млн теңге айыппұл салынды. Бұл жөнінде заңгер, қоғам белсендісі Бауыржан Зәки айтты.

– «Uniserv» ЖШС «Барбастау-Ақжайық-Индер» 43-93 км көлік жолын қайта жаңғыртуды 3,5 жыл жасап, 2024 жылы қара күзде әзер бітірді. 8,3 млрд шартты автомобиль жолдары басқармасынан 2021 жылы 8 сәуірде алып, тек былтыр қазанда игерді. Бірақ әлі бес жыл кепілдік мерзімі бар, — деп жазды Бауыржан Зәки ФБ парақшасында.

Заңгер 2024 жылы 24 маусымда қоғамдық бақылау жасалып, кемшіліктер анықталғанын айтады.

  • жаңа асфальттың беті тегіс емес;
  • ауыр жүк көліктері өздері салған жаңа асфальтты езіп, қайтадан бүлдірген;
  • тегіс жерлерде үлкен тесік-шұңқырлар өте көп, оған ағымдағы жөндеу жасауда;
  • жолдың екі шеті/жиегі жоқ, тек саз балшық.

– 2024 жылы 6 қыркүйекте сәулет-құрылыс бақылау басқармасы хаттама толтырды. 2024 жылы қазанда Теректі соты судьясы Айнұр Халықова істі заңсыз қысқартты. Биыл 18 маусымда БҚО соты «Uniserv» ЖШС-ны ӘҚБтК-нің 312-бабымен (құрылысты заңды бұзып жүргізу) кінәлі деп танып, 2 584 400 теңге айыппұл салды, — деп жазды заңгер.

«Uniserv» ЖШС қанша тендер алған?

Оның сөзінше, былтыр Adildik Joly «БҚО депутаттарының тендерден қанша тапқаны туралы» жасаған анализде 2023 жыл мен 2024 жылдың 1 тоқсанында 23 млрд-қа алты шарт жасаған «Uniserv» ЖШС екені айтылған.

Заңгердің айтуынша, Атырау облысымен жалғайтын осы жолды әрі қарай салуды да осы компания бір көзден алып отыр. Goszakup.gov.kz сайтына сай, қазіргі шарттары:

  • 27,4 млрд – БҚО әкімі – «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты» жолын 68-139 км реконструкциялау
  • 21,9 млрд – «ҚазАвтоЖол» – «Екатеринбург-Алматы» 856-913 км жолды күрделі жөндеу
  • 20,2 млрд – БҚО әкімі – «Барбастау-Индер» жолын күрделі жөндеу 93-145 км
  • 18,8 млрд – БҚО әкімі – «Чапай-Жаңақала-Сайқын» жолын 130-191 км реконструкциялау
  • 8,5 млрд – Казталов әкімі – «Беспішен-Қошанкөл-Қараоба» жолын 15-49 км күрделі жөндеу
  • 1,5 млрд – Тараз әкімі – «Барысхан» тұрғын алабына асфальт төсеу
  • 481,6 млн – Астана әкімі – «Алматы» ауданын жинау

Барлығы жеті жерде 98,7 млрд шартын орындауда.

– Осы жұмысты сапалы жасай ма екен? Бұл енді – әкім, ҰҚК Коррупцияға қарсы қызметі мен прокурорлардың мойнында. Біздікі әділдік іздеу, қаралау емес. Халықтың несібесі – асфальт жол кемі 30 жыл тұру керек, — дейді Бауыржан Зәки.

Фото: Бауыржан Зәкидің ФБ парақшасынан

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Uniserv» ЖШС «Барбастау-Ақжайық-Индер» 2025 Асфальт жол Басты ақпарат Бауыржан Зәки Жол мәселесі Заңгер
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.