Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Саясат»БҚО-да тәуелсіз кандидат Алпамыс Камаловтың сайлауға қатысу құқығы қалпына келтірілді
Нұрлыбек Рахманов Саясат 14/03/2023

БҚО-да тәуелсіз кандидат Алпамыс Камаловтың сайлауға қатысу құқығы қалпына келтірілді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Біз бұған дейін БҚО-да ҚР Парламент Мәжілісінің №14 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидат Алпамыс Камалов «декларациясында қателік бар» деген себеппен сайлаудан шеттетілгенін хабарлаған едік. Кандидат өзін заңсыз шеттеткенін мәлімдеп баспасөз конференциясын өткізіп, соттан әділдік күтетітінін мәлімдеген болатын. Жоғарғы сот сайлау комиссиясының шешімін заңсыз деп таныды, деп хабарлайды qaz365.kz.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Батыс Қазақстан облысының №14 бір мандатты аумақтық сайлау округінің аймақтық сайлау комиссиясының Алпамыс Қамаловты Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімінен шығару туралы шешімін заңсыз деп таныды. Осылайша, тәуелсіз кандидаттың сайлауға қатысу құқықтары қалпына келтірілді.

Еске сала кетсек, 2 наурыз күні БҚО округтік сайлау комиссиясы БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметтеріне сүйене отырып, Қамаловты сайлау додасынан шеттету туралы шешім қабылдаған болатын. Мемлекеттік кірістер департаменті кандидат Камаловтың 2011 жылы жасалған қарыз беру шарты бойынша міндеттемелерді көрсетпей, үміткерлер үшін міндетті болып табылатын декларациядағы мәліметтерді дұрыс толтырмаған деп санады. Алпамыс Камалов қарыз келісімі нотариус арқылы жасалып, қарыз алушы бір айда қарызын кері қайтарғаны, бір-біріне талабы қалмағаны жөнінде құжаттарын БАҚ назарына ұсынды. Оның айтуынша, сайлау комиссиясы бұл ақпарат бойынша өзінен түсінік алмастан, растаушы құжаттарды талап етпестен бір күннің ішінде үміткерлер тізімінен алып тастау жайлы шешім шығарып тастаған.

Алпамыс Қамалов Округтік сайлау комиссиясының шешімінің дұрыс емес және негізсіз екенін Жоғарғы сотта дәлелдеді. Жоғарғы сот сайлау комиссиясы жіберген бұзушылықтарды жою керек деп шешті. Жоғарғы соттың шешімі ары қарай шағымдануға жатпайды. Әділдік орнады, бірақ кандидат сайлаудағы үгіт-насихат науқанының 10 күнін жоғалтты.

Нұрлыбек РАХМАН

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Алпамыс Камалов кандидаттың шеттетілуі сайлау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.