Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО-да әкімшілік сот Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалиннен 73 мың теңге өндіріп алды
Наргиза Ерес sarapshy.info 24/12/2024

БҚО-да әкімшілік сот Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалиннен 73 мың теңге өндіріп алды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Көктемгі су тасқыны кезінде Ақжайық ауданының тұрғыны 16 бас жылқысынан айырылған. Содан шаруа малдың құнын өтеуді сұрап, Ақжайық ауданының әкімдігіне және оған қарасты кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне өтініш түсірді. Оған қоса облыс әкімдігіне де жүгінген.

Алайда азамат жергілікті атқарушы органдардан өтінішіне қанағаттанарлық жауап алмай, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына  жүгінеді. Сот әкімдік пен бөлім басшысына осы жағдай бойынша дәлелдер мен пікірлерді белгілі бір мерзімде ұсынуды тапсырды.

Бірақ шенеуніктер сотқа қажетті құжаттар мен дәлелдерді уақытында тапсырмады. Бұл жайт сот үдерісін кешіктірді.

«Соның салдарынан іс бойынша алдын ала тыңдау кейінге қалдырылды. Сот іс құжаттарын зерттеп қарап, жауапкерлердің келтірген уәждерін негізсіз және дәлелсіз деп, олардың іс-әрекеттерінде заңға және сотқа анық құрметтемеушілік көрсету оқиғасы орын алған деп таниды», – деп хабарлады БҚО сотының облыстық баспасөз қызметі.

Сот талаптарын орындамауына байланысты Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалиннің және аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлібек Бәкіровтың әрқайсысынан 20 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 73 840 теңгеден ақша өндіріп алынды.

БҚО баспасөз қызметі жылқы өтемақысын беруге қатысты әкімшілік істі қарау жалғастынын хабарлады.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, БҚО-да су тасқыны болған аудандардағы 1171 бас ауыл шаруашылығы жануарларының шығыны өтелген. Соның ішінде 219 бас ірі қара, 680 бас ұсақ мал, 63 бас жылқы, 71 бас шошқа және 138 бас құс үшін 151,6 млн теңге төленген.

Сурет: istockphoto.com

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Ақжайық ауданы Әкімшілік сот БҚО БҚО сотының облыстық баспасөз қызметі Мұрат Сердалин
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.