Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 22 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО-да декларация тапсырмаған 7 мың жеке тұлғаға банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылатыны туралы хабарлама жіберілді
Наргиза Ерес sarapshy.info 08/11/2024

БҚО-да декларация тапсырмаған 7 мың жеке тұлғаға банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылатыны туралы хабарлама жіберілді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 250 нысанды декларацияны 64 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, заңды тұлға басшылары, құрылтайшылары мен қатысушылары, олардың жұбайлары тапсырды. Бұл туралы БҚО Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде декларацияны тапсыру мерзімі 2024 жылы 16 қыркүйекте аяқталды. 

Декларацияны ұсынбаған салық төлеушілерге 2024 жылдың 5 қарашадағы жағдай бойынша 7 мың жеке тұлғаға салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарлама жіберілді.  Мұндай салық төлеушілер хабарламаны алған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде декларация немесе түсініктеме беру арқылы жағдайды реттеуі керек. 

Салық кодексінің 118-бабының 1-тармағы бойынша Декларацияны ұсынбаған салық төлеушілерге банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қолданылады. 

Декларация кезеңдерін еске салсақ:

  • 2021 жылы 1 қаңтар — мемлекеттік құрылымда қызмет ететіндер мен олардың жұбайлары;
  • 2023 жылы 1 қаңтар — мемлекеттік қызметкерлер, бюджет және квазимемлекеттік секторда істейтіндер мен жұбайлары;
  • 2024 жылы 1 қаңтар — бизнесмендер — басшылар, құрылтайшылар мен заңды тұлға қатысушылары мен жұбайлары, ЖК иелері мен жұбайлары;
  • 2025 жылы 1 қаңтар — қалған санаттағы Қазақстан азаматтары;

Декларация екі нысан бойынша іске асады:

250 нысан — Активтер мен міндеттемелер туралы декларация

270 нысан — Кірістері мен мүлкі туралы декларация 

Қазақстан бойынша 3-кезеңде қанша адам декларация тапсырды?

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың табыстарын әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлының айтуынша, биыл 10 айдың ішінде 2,1 млн адам табысын көрсетіп, декларация тапсырған. Егер тұлғалар декларация өткізбеген жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірінші рет – ескерту жасалады, екінші рет – айыппұл салынады.

Декларацияда қандай мәліметтер көрсету керек?

  • шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
  • шетелдік банктегі 3,5 млн теңгеден жоғары (1 000 АЕК) ақша;
  • шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;
  • бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т. б.);
  • үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі);
  • инвестициялық алтын (құйма алтын);
  • зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
  • 34,5 млн. теңге (10 000 АЕК) шегінде қолма-қол ақша;
  • басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары.
  • құны 3,5 млн. теңгеден асатын басқа да мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т. б.) 

Декларация тапсырудың негізгі мақсаты — көлеңкелі экономиканы болдырмау, жемқорлықты жою және әділ салық салуды қамтамасыз ету.

 

Сурет: nur.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
айыппұл банк шоттары БҚО Декларация Мемлекеттік кірістер комитеті
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
Экономика

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.