Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының прокуратурасы әлеуметтік төлемдерге қатысты заң бұзушылықты анықтады. «Балдырған» балабақшасының 43 қызметкері 8 ай бойы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін ала алмаған.
Жалпы сомасы 26 миллион теңге көлеміндегі міндетті салық және әлеуметтік төлемдердің өтелмегені белгілі болды. Бұл қызметкерлердің денсаулық сақтау және медициналық көмекке кепілдік алу құқығын шектеген.
Прокуратураның араласуымен облыстық Білім басқармасына прокурорлық қадағалау актісі негізінде, барлық қызметкердің қарызы толығымен өтелген. Жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ қызметкерлердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
Сурет: Pexels.com