Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»БҚО-да автожолдарды күтіп ұстауға қаражат жеткіліксіз
Нұртай Текебаев жаңалық 12/01/2026

БҚО-да автожолдарды күтіп ұстауға қаражат жеткіліксіз

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

БҚО-да облыстық маңызы бар автокөлік жоларын жай жөндеу және күтіп ұстау жұмысы үшін 2024-2026 жылдарға арналған бюджет бойынша үш млрд теңге бекітілген. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Қуанышалиев бұл қаражаттың жеткіліксіз екенін хабарлады.

Облыстық маңызы бар автожолдың ұзындығы — 1690 шақырым. Басқарма басшысының есебі бойынша тек облыстық автожол желісін жеткілікті деңгейде күтіп ұстау үшін бір жылда 5,5 млрд теңге қажет.

Өңірде жергілікті маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы — 4704 километр. Оның 1609-ы — облыстық, 3014-і — аудандық маңызы бар жолдар. Жергілікті жолдардың 2069 шақырымына ғана асфальт жабыны төселген.

Осы жолдарды күтіп ұстау жұмысына 36 мердігер ұйым жауапты. Ресми дерек бойынша 2025 жылы облыс жолдарының учаскелерінде жалпы алаңы 13 171 шаршы метр шұңқырларды жамау жұмысы жүргізілді.

Өңірлік коммуникация қызметі ұйымдастырған брифингте Марат Қуанышалиев мердігерлер жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады. Брифингте тұрғындар жолдарды тегістеу, қардан аршу жұмысы жеткілікті деңгейде жүргізілмейтіні туралы жиі шағымданатыны туралы айтылды.

— Мердігер ұйымдар тәулік бойы жұмыс істейді. Техникаларда GPS-трекер орнатылған. Компаниялар есеп үшін фото-видео жіберіп отырады. Әр шақырымға бір техника қойып, қардан тазалай алмаймыз. Тұрғындар солай болуын қалайды. Бірақ бекітілген норматив бар, — деді Марат Қуанышалиев.

Басқарма басшысы мәселе бар екенін де мойындады. Мәселен былтыр полиция департаменті өз жұмысын тиісті деңгейде атқармағаны үшін  облыстық маңызы бар жолдарды күтіп ұстайтын сегіз мердігер компанияның барлығына әкімшілік айыппұл салған. Облыстық басқарма мамандары полиция департаменті және төтенше жағдайлар қызметімен бірге жолдардың қысқы кезеңге дайындығын тексерген.

— Қар аршу жұмысы бірінші кезекте қарқынды қозғалыс бар учаскелерде 2-4 сағат ішінде жүргізіледі. Қар жауып болған соң жолды толық тазалау 10 сағат ішінде аяқталуы тиіс. Одан кейін  құм-тұз қоспасы себіледі, — деді басқарма басшысы.

Айта кету керек, 2025 жылдың 14 қарашасынан бастап 2026 жылдың 5 қаңтарына дейін облыстық маңызы бар жолдар ауа райының қолайсыз жағдайы салдарынан 19 рет уақытша жабылды.

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
автожол БҚО Екінші ақпарат жөндеу жұмыстары қар
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.