Ауа райына байланысты Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар екі автожол учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлады ҚазАвтоЖол ҰК.
Бүгін, 4 қаңтарда сағат 15:00-де «Атырау-Орал» автожолының 371-492 шақырымы аралығы, яғни Чапай ауданынан Орал қаласына дейін көлік қозғалысы жабылды.
15:30-да «Подстепное-Федоровка-Ресей шекарасы (Ақсай б/п)» автожолының 0-36 шақырымы, Подстепное ауылынан Федоровка ауылына дейінгі бөлігінде де көлік қозғалысы шектелді.
«Жолды 4 қаңтарда сағат 20:00-де қайта ашу жоспарланып отыр», – делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.
фото: freepik.com

