Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО-да жыл басынан бері 2 мыңнан астам әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырады
Наргиза Ерес sarapshy.info 26/11/2024

БҚО-да жыл басынан бері 2 мыңнан астам әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысында әйелдер мен балаларға қарсы қылмыс саны соңғы бес жылда үш есеге өсті. Бұл туралы БҚО прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Омарғалиев мәлімдеді.

2024 жылдың тоғыз айында 2 мыңнан астам әйел отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Балаларға қатысты қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 28%-ға артқан.

«Мұндай күрт өсім «ұрып-соғу» және «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» әрекеттерінің 2024 жылдың маусым айынан бастап әкімшілік құқық бұзушылықтан қылмыстық құқық бұзушылыққа ауысуымен байланысты», – деп түсіндірді Омарғалиев.

Дәурен Омарғалиевтың айтуынша, қылмыстың алдын алу үшін мемлекеттік органдар жеткілікті деңгейде шаралар ұйымдастырмай келеді.

«Осы жылдың 9 айында 2 мыңнан астам әйел отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырады. Отбасындағы агрессорлардың мінез-құлқын, менталитетін және құқықтық санасын өзгерту үшін жүйелі және кең ауқымды жұмыс қажет. Бірақ мұндай шаралар жасалмайды, нәтижесінде әйелдер мен балалар зардап шегеді», – деп атап өтті ол.

Сурет: Жайық Пресс

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» «ұрып-соғу» агрессор әкімшілік құқық бұзушылық БҚО зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылық
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.