Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 12 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Саясат»Сайлау»«Бұл – сайлау процесіндегі лас ойындар» дейді сайлаудан шеттетілген кандидат
Нұрлыбек Рахманов Сайлау 09/03/2023

«Бұл – сайлау процесіндегі лас ойындар» дейді сайлаудан шеттетілген кандидат

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

БҚО-да ҚР Парламент Мәжілісінің №14 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидат Алпамыс Камалов  декларациясында қателік бар деген себеппен сайлаудан шеттетілді. Кандидат жағдайға байланысты баспасөз мәслихатын өткізіп, тілшілерге мән-жайды баяндады, деп хабарлайды sarapshy.info.

Округтік сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидатты тіркеу күші жойылған шешім шығарған. Сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың қолы қойылған 2 наурыз күнгі №2 хаттамада «ұсынған активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтердің дұрыстығында алшақтық анықталды» деп көрсетілген.

-БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сайлау комиссиясына 2011 жылғы 20 қыркүйек күні біреуге қарыз бергенім жайлы ақпарат берген. Қарыз келісімі нотариус арқылы жасалды, қарыз алушы бір айда қарызын кері қайтарды. Ол жайлы дерек шартта да, нотариуста да бар. Бір-бірімізге ешқандай талабымыз жоғы бір айдан соң шарттың екінші бетінде көрсетіліп, қол қойылып, мөр басылды. Сайлау комиссиясы бұл ақпарат бойынша менен түсінік алу, растаушы құжаттарды талап ету, нотариалдық палатадан анықтау шарасын жүргізбеді. Бір күннің ішінде үміткерлер тізімінен алып тастау жайлы шешім шығарып тастаған. 3 наурыз күні Мемлекеттік кірістер департаментіне заң бұзушылықтарды көрсетіп, жалған мәліметтерді қайтарып алуды сұрап ресми хатпен жүгіндім. Декларацияның қай бөлігінде 2011 жылғы қарызды көрсету керегін сұрадым. Ондай бөлікті тауып көрсете алмады. Жалпы өтелген қарыз шарты 3 жылдан кейін күшін жояды. Олар қателігін мойындады, бірақ 15 күннен соң жазбаша жауап беретінін алға тартты.  Бұл – сайлау процесіндегі лас ойындар. Менің белсенділігім біреулерге кедергі келтіретіні анық. Сондықтан мені сайлау додасынан заңсыз шеттетті, — деді депутаттыққа өзін-өзі ұсынушы Алпамыс Камалов.

Алпамыс Камалов 2021-2023 жылдары аралығында Орал қалалық мәслихатының депутаты болды. Оның айтуынша, сол сайлау кезінде декларациялардан ешқандай қате мәлімет табылмай, Мәжіліс депутаттығына үміткер болғанда «12 жыл бұрынғы деректер сәйкес емес» деп танылуы – әдейі қолдан жасалған кедергі.  Кәсіпкердің айтуынша, оның салық органдары алдында ешқандай міндеттемелері, өтелмеген қарыз шарттары, кредиторлық және дебиторлық берешегі жоқ.

— Мемлекеттік кірістер департаменті табысында алшақтық бар деп қорытынды берді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 89-бабының 4-3 тармағының 4-тармақшасы негізіне сай шешім шығарып, тіркеуді тоқтаттық,- дейді округтік сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Хамидоллаұлы.

Кандидат Камалов брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бас прокуратура мен орталық сайлау комиссиясына өтініші әділ қаралады деп үміттенетінін айтты. Мәселеге Жоғары сот шешімімен шешіледі.

Нұрлыбек РАХМАН

Фото: автордікі

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Алпамыс Камалов сайлау шеттетілген кандидат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

“Билік демократия институттарын декорация есебінде пайдаланады” — Дос Көшім

15/09/2025
Сарапшы пікірі

Бірпалаталы парламент жүйесі Қазақстанға не береді?

08/09/2025
Подкаст

Халық өзі сайлаған депутатынан нені талап етуі керек?

28/02/2025

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.