Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық соты Алика Мұхамадиеваны 3 жыл 6 айға бос бостандығынан айыру туралы үкімге қол қойды. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлады.
Қылмыскерге 174-баптың 1-бөлігі (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша жаза тағайындалды.
Қылмыстық кодекстің 74-бабы бойынша 2 жасар баласы бар Мұхамадиеваның жазасы 2 жылға шегерді.
Айта кетейік, бұған дейінгі сот отырысында прокурор Мұхамадиеваны 4,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Алика Мұхамадиеваға 2025 жылдың жаз маусымында әлеуметтік желіде қазақтар мен мұсылмандарды қорлайтын пікірлер қалдырғаны үшін іс қозғалды.
фото: freepik.com

